- Басты
- Жаңалықтар
- «Атамекен» ҰКП 170-тен астам ШОБ жобасын қаржыландырды
«Атамекен» ҰКП 170-тен астам ШОБ жобасын қаржыландырды
«29 тамыздағы жағдай бойынша бізге 1,827 млрд теңгеге 340 өтініш келіп түсті, оның 260 өтініші яғни 1,114 млрд теңгесі мақұлданды», - деді ол.
Н.Әлтаев кәсіпкерлікті жаңа жағдай бойынша қаржыландыру ұсыныстарын айтты. Оның айтуынша, бұқаралық электрондық мәліметтер базасын ашқан жөн.
ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, және де, 2016 жылдың 3 қыркүйегі, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтің төрағалық етуімен, Шанхай қаласында ҚР мен ҚХР арасындағы индустриалды-инновациялық әріптестікті жандандыру мәселелеріне қатысты Қытай елінің белді бизнесмендерімен Қазақстан-Қытай дөңгелек үстелі өткенін, онда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «JUMORE» электронды сауда алаңқайымен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойғанын хабарлады.
Әріптестік шеңберінде аталған интернет-алаңқайға Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы туралы, қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған және әлеуетті экспорттаушы кәсіпорындар жайлы, сондай-ақ Қытай нарығы мен әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті өнімдер туралы мәліметтер орналастыру жоспарлануда. «Zhejiang JUMORE E-Commerce Co.,Ltd» компаниясы – «В to В» (бизнес бизнеспен) форматындағы трансшекаралық электронды сауда-саттық мәселелерімен айналысатын алғашқы компаниялардың бірі. Компанияның мақсаты – трансшекаралық электронды сауда және химия, түсті металл, пайдалы қазбалар, энергетика, болат құю және ауыл шаруашылығы өнімдері салаларына логистикалық қызмет көрсету.
«Қазақстан тауарлары Қытайға көптеп шығу үшін, ол елдің стандарттарына сәйкес болуы керек. Осы мақсаттта Қытай бизнесі капитандарымен кездесіп, электрондық сауда жөнінде уағдаластыққа қол қойдық. Олар біздің тамақ өнімдеріне өте үлкен қызығушылық білдіріп, ғаламторда саудалап беруге дайын екендіктерін аңғартты. Жақын арада palata.kz сайтында арнайы терезе ашпақпыз. Онда кәсіпкер қажетті анкетаны толтырып, әрі қарай біз сүйемелдеп, кеңес бермекпіз. Өңірлік палаталар да көмек көрсетуге әзір», - деп ой бөліскен Нұржан Бауыржанұлы «Қазақстанда жасалған» белгісі бар отандық өнімдерді қолдап, насихаттауда патриоттық тантытуға шақырды.
Осы орайда еске сала кетсек, 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Атамекен» ҚР ҰКП 8-800-080-80-10 бірыңғай нөмірін іске қосты. Бүгінде аталған байланыс нөмірі арқылы қазақстандық кәсіпкерлер барлық сұрақтар бойынша хабарласа алады.
Индира Кауметова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады