Басқару

«Қазконтент» АҚ өз ресурстарының бағытын өзгертеді (ФОТО)

«Қазконтент» АҚ өз ресурстарының бағытын өзгертеді. ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ахметов айтқандай, «Қазконтент» АҚ мемлекеттік ақпараттық ресурстарын жаңғырту ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің басшылығымен жүргізіледі және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Астана қаласы 06 Қыркүйек, 15:46

Брифинг барысында мәлім болғандай, бүгінде «Қазконтент» АҚ алдында қазақстандықтардың ақпаратқа қажеттілігін толығымен қанағаттандыру үшін жобалар контентінің сапасын арттыру міндеті тұр.

«Бүгінде интернет – телевизиядан кейін ақпарат алатын екінші арна. Статистика мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі таңда Қазақстанда бар интернет-қолданушылардың 70 пайызы күн сайын интернетке кіріп, ақпарат оқиды, тіркеледі және т.б. Айта кетерлігі, Қазнет  ақпараттың сенімді көзіне айналды. Отандық сайттарға қазақстандықтар кез келген ақпаратты оқу үшін жүгінеді. Кейбір сайттарға сенімділік деңгейі 80%-ға  жетеді.  Бұл ең жақсы көрсеткіштердің бірі болып саналады», - деді А.Ахметов  брифинг барысында.

Bnews.kz

Елімізде екі мемлекеттік ақпарат агенттігі бар – олар «Қазақпарат» ХАА және Bnews.kz АА. Алайда бүгінде екі мемлекеттік БАҚ-тың  арасындағы бәсекенің керегі жоқ. Дегенмен, қазақстандықтар үшін интернеттен жылдам ақпарат алу әрқашан маңызды. Сол себепті тарихы бай Қазақпарат елдің басты ақпарат агенттігі болып қала береді. Ал Bnews басқа сегментке ауысады, яғни жаңалықтарды жан-жақты талдап, сараптап, түсіндіретін талдамалы бағытқа бет бұрады. Мұны шолу, сұхбат, сауалнама, мультимедиа, сараптама арқылы жүзеге асырады.

Жаңа форматқа сәйкес, Bnews сайты да түрленіп, жаңартылады.

Baq.kz

Baq.kz редакиялық тұрғыдан нығайып, мемлекеттік тілде жұмыс істейтін басты ақпарат агенттігі атағына үміткер болады. Baq.kz – өз жаңалықтары бар агрегатор, өңірлерден эксклюзивті жаңалықтар тарататын №1 ақпараттық портал.

Kaztube

Алғашқы ұлттық видео-портал саналатын Kaztube ең үлкен агрегаторға және барлық отандық видео контенттің «қоймасына» айналады.  Kaztube-те бірегей ұлттық видео-контент, соның ішінде алтын медиақор орналасатын болады. Қазақстан туралы мемлекеттік тілдегі видеолардың барлығын дерлік Kaztube порталынан табуға мүмкіндік жасалады. Сайттың дизайны өзгереді.

EL

Алғашқы қазақстандық әлеуметтік желі ретінде танымал EL жобасы едәуір өзгеріске ұшырамақ.  EL Қазақстандағы және қазақстандықтардың өмірі жайында, шығармашылық, саяхат, мәдени оқиғалар, лайфхак, вайндар туралы материал жариялайтын ақпараттық-көңіл көтеру порталына айналады.

ADEBIPORTAL.KZ

Әдеби портал жаңа кейіпке енеді. Оның мақсаты елімізде гуманитарлық білімді дамыту және дәріптеу болмақ. Материалдарды беру мен интерфейс жаңартылады. Мобильді қосымша іске қосу жоспарланып отыр, оның көмегімен кітап оқуға және аудиокітаптарды тыңдауға мүмкіндік туады.

Сайт мәдениетті, мемлекеттік тілді дамытуға арналған платформаға айналады.

E-HISTORY.KZ

E-HISTORY.KZ сайтының редакциясы материал ұсыну жағын жақсарту бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Біз тарихи портал форматын одан әрі дамыта түспекпіз. E-HISTORY.KZ алаңында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес National Digital History құрылады.

Сайт тарихты сүйетін және ол жайында тереңірек білгісі келетін жандар үшін жұмыс істейтін болады. Материалдың барлығы ғылыми-танымдық формада ұсынылады. Сайтқа интерактивті түрде бірегей тарихи контенті бар «Казахстаника»  бөлімі қосылады. Арнайы жобалар, сауалнамалар, тест және өзге де интерактивті шаралар өткізу жоспарланып отыр.

«Қазконтент» АҚ-ның әр ресурсы трансформация барысында смартфондар мен планшеттерге арналған ыңғайлы мобильді нұсқаға ие болады.

«Қазконтент» АҚ интернет-ресурстарының трансформациясы мемлекеттік органдар мен халық арасында тиімді байланыс құруға бағытталған.

Айта кетейік, «Қазконтент» АҚ-ның негізі 2009 жылы ұлттық контент қалыптастыру және Интернет желісінің қазақстандық сегментін дамыту мақсатында құрылды. Сол кездегі холдингтердің барлық жобасы қазақстандықтарға пайдасын тигізер ұлттық контент қалыптастыруға бағытталды.

«Қазконтент» АҚ-ның «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырған жобаларының бірі – «Баспа БАҚ-тың Интернетке көшуі» өз жемісін берді. Бүгінгі таңда 2213 басылымның 50%-дан астамы жобаға қатысты, ал 1200 баспа басылымы толығымен Интернетке ауысуға немесе онлайн-нұсқамен толығуға мүмкіндік алды.

 

 

 

 





Яндекс.Метрика