- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҰКП: Қазақстан өзі үшін 3 әлеуетті өткізу нарығын анықтады
ҚР ҰКП: Қазақстан өзі үшін 3 әлеуетті өткізу нарығын анықтады
«Біз өзіміз үшін өз өнімізді жіберетін нарықты анықтадық. Біз бірегей жағдай жасап, кәсіпорынды 15 минут ішінде тіркей аламыз, барлық әкімшілік кедергілерді алып тастаймыз. Өнімді жіберетін нарық болмаса бизнес тұрып қалады. Сондықтан өзіміз үшін сараптама жасап, 3 әлеуетті нарықты анықтадық. Бұл ҚХР, РФ және Иран үшін де мүмкіндігіміз ашылды», - деді ол.
Оның айтуынша, аталмыш нарықтар халқының шоғырлануына орай Қазақстан үшін басым болып келеді.
Сондай-ақ, «Атамекен» палатасы басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев гроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына түзету енгізу қажеттігін айтты.
«Ауыл шаруашылығындағы өнімнің дәстүрлі түрлері бойынша экспортқа басымдық берген жөн. Ішкі сұранысқа құрылған импорт алмасу аз пайда әкеледі. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру көлемін арттыру қажет. Аталған тауарларды саудалаудан түсетін ортақ экспорттық табыс 2 есеге өседі (1,8 трлн теңге). Бұл дегеніңіз, барлық Қытай агроөнімдері импортының 6,3 пайызы немесе Ресей импорты құнының 7,4 пайызы. Осылайша, біз ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытайға және Ресейге жеткізетін 10 экспорттаушы елдің қатарына кіре аламыз», - дейді Нұржан Әлтаев.
Палата өкілі Ресей мен Қазақстан нарығы өте ұқсас екенін айтады. Солтүстік көршімізге көкөніс тауарларын апарып сатқан дұрыс деп отыр.
«Ресей біздің Еуразиялық одақтағы әріптесіміз. Шекара жағынан еш қиындық жоқ. Бұл жерде тек бір мәселе бар. Екі елдің экономикасы өте ұқсас. Біз шығарған өнімді Ресей де шығарып жатыр. Тек көкөніс және тамақ өнеркәсібі бойынша Ресей нарығына шыға аламыз. Қазіргі кезде оңтүстіктегі жылыжайлардың барлығы өнімдерін Ресейге өткізіп жатыр. Олар өздері алып кетіп жатыр», - дейді ол.
Индира Кауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді