• Главная
  • Қазақстанда тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алатын азаматтардың санаты қандай?
6 сентября, 2016 17:36

Қазақстанда тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алатын азаматтардың санаты қандай?

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы халық үшін тұрғын үйге қолжетімділігін әрі қарай жоғарылатуды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешуін көздейді. ҚР Ұлттық экономика министрлігі азаматтардың қандай санаттарының тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және қолжетімді бағамен пәтер алу мүмкіндігін түсіндіреді.
Қазақстанда тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алатын азаматтардың санаты қандай?

Бірінші санат - жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар, олар кезек тәртібінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша халықтың барлық санаттарына арналған және «Самұрық-Қазына» қорының тұрғын үйін алуға мүмкіндігі бар. Олар: жетім-балалар және ата-ананың қамкорлығынсыз қалған балалар; ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңделген тұлғалар; мүгедек-балалары бар немесе тәрбиелейтін отбасылар; зейтенкерлер; оралмандар; көп балалы және толық емес отбасылар; мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымидардың қызметкерлері), сондай-ақ «Қазақстан Ипотекалық компаниясының» желісі бойынша  (көп балалы және толық емес отбасылар; мүгедек-балалары бар немесе тәрбиелейтін отбасылар; жетім-балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар; оралмандар; мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері; 1 және 2 топтағы мүгедектер.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің желісі бойынша тұрғын үй сатып алу құқығымен әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтардың және банк клиенттерінің арасында бөлінетін болады, клиенттің табысы расталмаған жағдайда ол әлеуетті жалдаушы ретінде қаралады. 

«Самұрық-Қазына» қорының желісі бойынша тұрғын үй әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтарға бөлінеді, бөлінбеген пәтерлер болған жағдайда – сатып алу құқығымен меншікке немесе сатып алумен жалға бөлінеді.

«Қазақстан ипотекалық компаниясының» желісі бойынша тұрғын үй әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтарға  (50% - 35 жасқа толмаған, 50% - қалғандарына) сатып алу немесе сатып алусыз жалға бөлінеді.

Жоғарыда көрсетілген тетіктердің бірін пайдалану үшін әкімдіктің кезегінде болу немесе кезекке тұру қажет (заңнаманың талаптарына сәйкес болғанда), таңдаған бағыт бойынша қатысу және төлем қабілеттілігін растау қажет.

Сонымен бірге, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде кезекте тұрғандардың барлық санаттарына кезек тәртібінде «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ-тың және «Бәйтерек девелопмент» АҚ-тың желісі бойынша тұрғын үйді өткізу көзделген. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің желісі бойынша банктің салымшысы болатын кезекте тұрғандардың арасында балдық жүйе бойынша да тұрғын үй өткізіледі.

Екінші санат бұл Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары, олар «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісінің тұрғын үйі» және «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-тың кредиттік тұрғын үйі» деген бағыттарды пайдалануға мүмкіндігі бар, ол үшін банктің клиенті болу, сатып алынатын үйдің сомасынан 50% жинағын жинау, балдық жүйе бойынша конкурстық іріктеуді өту және төлем қабілеттілігін растау қажет.

Сонымен бірге, Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-тың кредиттік тұрғын үйі өткізіледі.

Қазақстанның азаматтары және оралмандары Бағдарламаға қатыса алады, оларға мынадай талаптар қойылады: Астана және Алматыда соңғы 2 жылдың тіркеуінің болуы, қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелет жасына жетпеген балаларының), сондай-ақ өтініште көрсетілген отбасы құрамына кіргізілген өзге де отбасы мүшелерінің, адам басына шаққанда пайдалы алаңның көлемі кемінде он бес шаршы метрден аспайтын, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлменің болмауы, сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйі немесе меншігіндегі тұрғын үйі, және құлау (қирау) қаупі бар авариялық жағдайдағы балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйді қоспағанда Қазақстанда жоқ болуы, соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы.

Үшінші санат - 2 жылдан кем емес некеде тұрған, және егер жұбайлардың екеуі 29 жасқа толмаған жас отбасылар, сондай-ақ балаларды 29 жасқа толмаған ата-ананың біреуі тәрбиелейтін, оның ішінде ажырасқан немесе тұл ер «Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі желісі бойынша жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағдарламасына қатысуға мүмкіндігі бар. Осы бағыт бойынша тұрғын үй сатып алу құқығымен жалға беріледі.

Бағдарламаға қатысу үшін өтініш беру, жеткілікті балл жинау және төлем қабілеттілігін растау қажет. Бағдарламаға Қазақстанның азаматтары қатыса алады, оларға мынадай талаптар қойылады:  Астана немесе Алматы қалаларында соңғы 2 жылдық тіркелуінің бар болуы қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелет жасына жетпеген балаларының), сондай-ақ өтініште көрсетілген отбасы құрамына кіргізілген өзге де отбасы мүшелерінің, адам басына шаққанда пайдалы алаңның көлемі кемінде он бес шаршы метрден аспайтын, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлменің болмауы, сатып алумен жалға берілетін тұрғын үйі немесе меншігіндегі тұрғын үйі, және құлау (қирау) қаупі бар авариялық жағдайдағы балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйді қоспағанда Қазақстанда жоқ болуы, соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы.

Төртінші санат - өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салуды немесе сатып алуды ұйымдастыратын мемлекеттік емес немесе мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерлері, олармен «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ келісімдер мен меморандумдар жасайды.