• Басты
  • ҚР-да 30 қыркүйекте «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі аяқталады
6 Қыркүйек, 2016 17:54

ҚР-да 30 қыркүйекте «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі аяқталады

2016 жылғы 30 қыркүйекте ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың үшінші қорытынды кезеңі аяқталады.
ҚР-да 30 қыркүйекте «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі аяқталады

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай,  «Болашақ» бағдарламасының ресми әкімшісі – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2016 жылғы 30 қыркүйекке дейін стипендияға үміткер Қазақстан азаматтарынан құжаттарды қабылдауда.

Үміткерлер құжаттарды «электрондық үкімет» порталы, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма-қол тапсыра алады. «Болашақ» стипендиясы «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдамалар» бағдарламалары бойынша тағайындалады.

2016 жылы «Болашақ» стипендиясына құжаттарды қабылдаудың екі кезеңі және олардың нәтижелері бойынша екі конкурстық іріктеу өткізілді. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия қорытындыларына сәйкес 313 стипендия тағайындалды. Олардың 199-ы магистратура, 18-і докторантура, 96-сы тағылымдама бағдарламалары бойынша.

Қазіргі таңда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі шеңберінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді тарту мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

2016 жылғы қыркүйекте қоғам президенті Гани Ныгыметовтың әртүрлі аймақтардың өкілдері мен атаулы топтарымен шығу кездесулері басталды. Кездесулер мен сөз сөйлеулер барысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсудің негізгі талаптары, стипендиаттардың конкурстан өту рәсімі және оқу процесінің ерекшеліктері толық түсіндіріледі.

Өзінің сөз сөйлеулерінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшысы Гани Ныгыметов келесі атап өтті: «2016 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсу мүмкіндіктері кеңейтілді. Біріншіден, ағымдағы жылда 700 стипендия бөлінді, ол 2015 жылмен салыстырғанда 100 стипендияға артық. Екіншіден, конкурсқа құжаттарды қабылдау жеңілдетілді. Үшіншіден, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша оқу үшін жаңа санат енгізіліп, конкурстық рәсімдер жетілдірілді. Сонымен қатар, барлық азаматтарға «Болашақ» стипендиясы туралы ақпараттар қол жетімді болуы үшін белсенді ақпараттық кампания жүргізілуде».

Жыл бойы «Болашақ» бағдарламасы туралы ақпарат жүйелі түрде ақпараттық агенттіктер, республикалық, облыстық, қалалық және аймақтық БАҚ таратылуда. Фейсбук және Инстаграм әлеуметтік желілерінде аккаунттар ашылып, арнайы электрондық ресурстар жұмыс жасауда. Олардың ішінде «Болашақ» бағдарламасының корпоративтік сайты, Бірыңғай ақпараттық білім ресурсы (БАБР) және BARO – түлектермен жұмыс жөніндегі кеңсе сайты.

Барлық жаңалықтар
3.89.87.12, 192.168.88.100