- Басты
- Жаңалықтар
- Қ.Тоқаев: ЕАЭО қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы ерекше геоэкономикалық факторға айналды
Қ.Тоқаев: ЕАЭО қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы ерекше геоэкономикалық факторға айналды
Қ.Тоқаевтың пікірінше, Еуразиялық Экономикалық Одақ қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы ерекше геоэкономикалық факторға айналды. Ықпалдастықтың қиындықтары туралы сауалға Сенат басшысы ықпалдастық үдерістері зор күш-жігерді және тиісті біліктілікті талап ететінін атап өтті. Мемлекет басшыларының саяси күш-жігері, ең алдымен, сауда мәселелері бойынша уағдаластықтарда негізгі рөл атқаратыны күмәнсіз екені айтылды.
«Біз ауқымды өкілеттік берілген Еуразия экономикалық комиссиясын толық дәрежеде іске қосуымыз керек деп санаймын. Әзірше ол толыққанды халықаралық ұйым ретінде жұмыс істеп отырған жоқ. Комиссияның қызметіне мемлекет басшыларының да көңілдері толып отырмағаны да маған белгілі», - деді Қ.Тоқаев. Жоғарғы палатаның басшысы ЕАЭО-ның іске кірісуінен бірден нәтиже күтуге болмайды деп санайды. «Бірақ, президенттер де, парламенттер де, әрине, біздің елдеріміздің халықтары да экономикалық және гуманитарлық салаларда өте тығыз ықпалдастықты қалайды. Күрделі геосаяси жағдайды есепке алғанда бұл негізгі мәселе», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.
Сенат Төрағасы екіжақты ынтымақтастық үшін де, аймақтық экономикалық ықпалдастықтың игілігі үшін де Қазақстен мен Беларусь президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенконың жүйелі кездесулерінің маңызды рөлін атап өтті. «Екі елдің басшылары жеке байланыстарды да, іскерлік байланыстарды да қолдап отырады, бір-біріне зор құрметпен қарайды. Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін бұл өте жақсы», - деді Қ.Тоқаев.
Беларусьтің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің келешегі туралы сауалға жауап бере келіп, Төраға бұл үдеріске барынша ықпал етуге Қазақстанның ұмтылысын жеткізді. Қ.Тоқаев Беларусьтегі парламенттік сайлау қарсаңында дауыс беруге мониторинг жүргізу мәселелері бойынша ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимыл туралы пікірімен де бөлісті. «Мен 2010 жылы Беларусь Президентін сайлауға байқау жүргізуге қатыстым, оның қалай өткені маған ұнады, сондықтан мен арнайы мәлімдеме жариялап, беларусь халқы өз таңдауын жасағаны және ол таңдауды біздің бәріміз құрметтеуміз керектігін айттым. Жалпы бізге ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты өрістету керек. Бұл әмбебап ұйым. Қазақстанға қатысты айтқанда, біз үшін ол басымдыққа ие. ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея аясында белсенді жұмыс істеп келеміз. ЕҚЫҰ-дағы беларусь делегациясымен тығыз әрі нәтижелі жұмыс істеуіміз керек, деп санаймын».
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері