- Басты
- Жаңалықтар
- Австрия Павлодар облысының кәсіпорындарына қондырғы жеткізуге ниетті
Австрия Павлодар облысының кәсіпорындарына қондырғы жеткізуге ниетті
Малайзия дипломатын қабылдау кезінде Болат Бақауов Павлодар облысы мен Малайзия арасындағы сауда айналымында импорт басым екендігін атап өтті.
«Сіздің өңірімізге жасаған сапарыңыз өзара тиімді әріптестіктің бастауы болады деп үміттенемін», - деді аймақ басшысы. «Біздің облысымызда орналасқан экономикалық аймақта инвесторлар үшін тамаша мүмкіндіктер бар. Олар 2036 жылға дейін салықтан босатылады. Өңіріміздің Ресей Федерациясымен шекаралас болуы да экономикалық жағынан аса тиімді».
Өз кезегінде елші малайзиялық бизнес кеңесшілер қонақ үйлерді салу және қонақжайлылық бойынша тренингтер өткізуде көмек көрсете алатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, дипломат Малайзия мен Алматы, Атырау қалалары арасындағы оқытушылар және студенттермен өзара алмасу бағдарламалары туралы айтып берді. Ол қаламыздағы жоғарғы оқу орындарының осындай бағдарламаларға қатысуы үшін қолдау көрсете алатынын айтты.
Австрия елінің дипломаты да облыс әкіміне тиімді әріптестік ұсыныстарын жария етті. Елшілік өкілі Михаэль Мюллер Австрия елінің бизнесмендері Павлодар облысындағы машина жасау және көмір өнеркәсібі салаларындағы кәсіпорындарға қажетті құрал-жабдықтар жеткізуге дайын екендіктерін айтты. Сонымен қатар Австрия елінің кәсіпкерлері Павлодар облысына жұмыс сапарымен келіп, «Павлодар» АЭА-ың жұмысымен танысуға қызығушылық танытып отыр.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Алматы облысының дамуы: Денсаулық, білім саласы, ШОБ және газдандыру мәселесі -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция