- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық «Барыс» және «Арлан» халықаралық форумда ұсынылған (ФОТО)
Қазақстандық «Барыс» және «Арлан» халықаралық форумда ұсынылған (ФОТО)
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ компаниясының тобы алты компаниямен ұсынылды: «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, «КАЕ» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ, «405 авиажөндеу зауыты» АҚ, сонымен қатар, «Zhasampaz» консорциумы.
«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС ашық аланда БТР «Барыс 8x8» және «КАЕ»-да өндірілген «САРП» 12,7 мм жауынгерлік модулі бар «Арлан» броньдалған дөңгелекті машинасын көрсетеді. Форумға қатысушылар мен қонақтар «Арлан» БДМ «Алабино» сынақ алаңындағы 7-8 қыркүйектегі көрсетілімдер барысында көре алады.
Сонымен қатар, қазақстандық кәсіпорындар 184 шаршы метрлік стендте 46 табиғи үлгіні және 13 әскери және қос мақсаттағы макеттік өнімді көрсетілімге қояды.
Сонымен, «КАЕ» ЖШС өндірілетін өнімнің негізгі желісі түнде көру көздеуіштерін, жылу визиялық жүйелерді, сондай-ақ, барлау және қадағалау аспаптарын қояды.
«С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «Қарағай» орташа қуатты радиостанциясын, «Ақтерек» релелік станциясын және «Ақ қайың» тропосфералық релелік станциясын көрсетеді. Одан өзге, ол халықаралық, соның ішінде, әр түрлі жаттығуларды орындауда (Ұжымдық қауіпсіздік Шарт Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы) соңғы бірнеше жылдан астам пайдаланылған ұялы байланыс құралдары көрсетілетін болады.
«С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ кемелер мен суасты қайықтарын өндірушілерге арналған кемелік гидравликаның түрлі толымдаушы бұйымдарын ұсынады. Сонымен қатар, зауыт суасты қайықтарының және кемелерді жабдықтау үшін өзі бағытталатын торпеданың сұлбасын шығарады.
«405 авиажөндеу зауыты» АҚ Ми-17В-5, Ми-8 тікұшақтарының нобайларын форумда көрсетілімге қояды.
«Zhasampaz» консорциумы «Армия-2016» форумының қатысушылары мен меймандарына «Тыныс» АҚ зауытының броньды кеудешелерін, қазақстандық өндірістің дулығалары мен әскери киім-кешегін көрсетеді.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы