• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада бұрын сотталғандарды әлеуметтік оңалту бойынша Ұлыбританияның тәжірибесі талқыланып жатыр

Астанада бұрын сотталғандарды әлеуметтік оңалту бойынша Ұлыбританияның тәжірибесі талқыланып жатыр

6 Қыркүйек, 2016 10:31
Астанада азаматтарды әлеуметтік оңалту бойынша кешендік стратегия жобасының таныстырылымы бойынша дөңгелек үстел өтіп жатыр, бас бостандығынан айырылған және пробация қызметінде есепте тұрғандардың оңалуы қарастырылып жатыр. Дөңгелек үстелге әлемдік және британдық сарапшылар қолдау көрсетуде.

«Ұлыбританияда біз Қазақстанның сотталған азаматтар бойынша пробация енгізу бастамасын қолдаймыз. Пробация жүйесі өте тиімді екенін білеміз, себебі ол негізгі үш нәтиже береді: біріншіден, ел мен қоғамның қауіпсідігін қамтиды, себебі сотталғандар бостандыққа шыққан соң қадағалау инспекторларының назарында болады; екіншіден,  пробацияның жақсы жүйесі мен оңалту бостандыққа шыққандарды социумға араласуын қамтамасыз етеді; үшіншіден, бұл мемлекеттік бюджетті үнемдейді,  тұтқындалғандардың санын азайту  белгілі қаржыны үнемдейді», - деді Ұлыбританияның пенитенцинарлық реформа сарапшысы Джонатан Айтке.

Сарапшы айтып өткендей, Қазақстан жас мемлекет, Кеңес одағы құлдырағаннан кейін  бірқтатар реформалар өткізе бастады. Алайда, бірқатар елдердің темір торларының жағдайын көріп келген Джонатан Айткен Қазақстанның түрме жүйесін жетілдіру қажеттігін айтты.

«Адамдар қателік жасап түрмеге түсіп жасады. Қоғам олардың жазасын өтеуді қамтамасыз етіп қоймауы керек. Сондықтан әлемде пробеманы шешудің жаңа әдістері пайда болып жатыр. Мен Қзақстанда да проациялар жүзге асып жатқанына қуаныштымын», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ басшысы мен елшісі Дьердьду Сабо.

Кездесуде бостандыққа шыққан азаматтарды әлеуметтік оңалту бойынша кешендік стратегия  жобасының таныстырылымы өтеді деп жоспарланған.

Шараға сыртқы істер министрлігінің орынбасарлары, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрлері, Мәжіліс депутаттары, ҮЕҰ өкілдері қатысып жатыр.

 

Барлық жаңалықтар