• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Украинаның бірлескен кәсіпорындары даму әлеуетіне ие – СІМ

Қазақстан мен Украинаның бірлескен кәсіпорындары даму әлеуетіне ие – СІМ

6 Қыркүйек, 2016 11:07
Украинадағы Қазақстан елшісі Самат Ордабаев Украина вице-министрі, Экономикалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Украина мемлекетаралық комиссиясының тең төрағасы Геннадий Зубкомен кездесті.

ҚР СІМ хабарлағандай, тараптар екі елдің экономикалық мәселелерін талқылады.  Елші атап өткендей, қазақстандық-украиналық мемлекетаралық кооперациялары Қазақстандағы  бірлескен кәсіпорындар  әлеуеті мен Еуразиялық экономикалық одақ,  Орталық Азия, Қытай, Иран және Парсы шығанағы нарықтарында  жүзеге асырыла алады.

Басты назар комиссияның  XXII отырысында қабылданған шешімдерге аударылды, тауар айналымды ұлғайту туралы жұмыс тобы отырысын белсенділету талқыланды.

С.Ордабаев ҚР-дағы мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандырды. Тараптар сондай-ақ, Украинаның ЭКСПО көрмесіне қатысуы туралы тәжірибелік сұрақтарды талқылады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар