• Басты
  • Жаңалықтар
  • М.Бәшімов: Қазақстанның G20 саммитіне шақырылуы халықаралық қауіпсіздікті сақтаудағы мемлекеттің рөлін көрсетеді

М.Бәшімов: Қазақстанның G20 саммитіне шақырылуы халықаралық қауіпсіздікті сақтаудағы мемлекеттің рөлін көрсетеді

5 Қыркүйек, 2016 18:29
Қазақстанның G20 саммитіне шақырылуы халықаралық қауіпсіздікті сақтаудағы мемлекеттің рөлін көрсетеді, деді Strategy2050.kz АА берген сұхбатында ҚР Сыртқы істер министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі, Еуропалық құқық пен адам құқығының сарапшылық институтының директоры Марат Бәшімов.

«G20 қазіргі кезеңде өте өзекті болып саналады, әлемдік экономикалық дағдарыс  кезеңінде  жетекші елдер көшбасшыларының кездесуіне біз екінші мәрте шақырылып отырмыз, саммиттің өзіне шақырылу елдің халықаралық қауіпсіздікті сақтаудағы мемлекеттің рөлін көрсетеді», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, саммитте әрбір ел өз алаңында шешуге болатын проблемаларды айқындайды.

«Бұл жиырмалық бар әлемдік саясатты анықтайды, бұл орайда G20 экономикалық қарым-қатынастың нығаюына жұмыс істейді», - деді ол.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қытайдың Ханчжоу қаласында  G20 саммитіне қатысты, деп хабарлады.Жиналғандарға арнаған сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммитінің үмітке толы күрделі кезеңде өтіп отырғанын атап өтті.«Әлемдік экономиканың, сауда мен капитал қозғалысының өсу қарқыны баяулап келеді. Ол миллиондаған адамның әл-ауқатына әсер етеді. Дүниежүзілік сауда ұйымының рөлі төмендеуіне және әлемдік экономиканың фрагменттелуіне алып келетін трансқұрылықтық жаңа сауда-инвестиция бірлестіктері құрылуда. Бұл үдерістер жаһандық экономикадағы ықпал аймағы үшін күрестің жаңа кезеңінің басы болуы мүмкін», – деді Қазақстан Президенті.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар