• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтөбе облысында жылу беру маусымына дайындық жүргізуге 9 млрд теңге бөлінді

Ақтөбе облысында жылу беру маусымына дайындық жүргізуге 9 млрд теңге бөлінді

6 Қыркүйек, 2016 08:39
Ақтөбе облысында 2016-2017 жылдарға арналған жылу беру маусымына дайындық жүргізу үшін 9,6 млрд теңге қарастырылған.

Бұл қаржыға 445 қазандық жөнделді, 730 шақырым коммуналдық жүйе,1600 әлеуметтік нысан жөнделді. 1780 тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады өңір әкімдігі.

2016-2017 жылдарға арналған шаралар жоспарына сәйкес, 104 әлеуметтік нысан табиғи газға көшіріледі.

Атап айтсақ, жыл соңына дейін газ 52 әлеуметтік нысан мен 14 ауылдық жергілікті пункттерге тартылады.

 

Барлық жаңалықтар