- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында мал басы артуда
Жамбыл облысында мал басы артуда
Облыста 2012 жылдан бері 20 мың басқа арналған 24 мал бордақылау алаңы құрылып, жұмыс істеуде. Оның ішінде 4 мал бордақылау алаңы 3 мың басқа арналған.Үстіміздегі жылы аталған бордақылау алаңдарынан жоғары сапалы 369,0 мың тонна сиыр еті экспортталды. Ет және ет өнімдерінің толық өндірістік циклі бар ет кластерін қалыптастыру мақсатында Жамбыл ауданында «Оңтүстік халал тағамдары» ЖШС ет өңдеу кәсіпорынының жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді.
2012-20105 жылдары асыл тұқымды МІҚ малының сапасын арттыру мақсатында облыстың шаруалары шет елден 4100 бас асыл тұқымды мал әкелді және 7 асыл тұқымды шаруашылық-репредуктор құрылды. Соңғы жылдары бұл шаруашылықтарда тұрғындар мен тауарлы шаруашылықтарға 1 мың бас асыл тұқымды бұзау өткерілді.
Өңірде МІҚ малын асылдандырумен 622 шаруашылық айналысады. Мұнда мал тұқымын түрлендіруге 49 602 аналық бас түседі. Жалпы падада мал тұқымын түрлендіруге түсетін асыл тұқымды аналық бас 29,8% (республикалық көрсеткіш 27,1%) қамтылған.
Сонымен қатар, жыл сайын асыл тұқымды малдың үлесі артуда. Мысалы, облыста асыл тұқымды МІҚ малының жалпы пададағы үлес салмағы - 21,8% (республикалық көрсеткіш - 9,7%), қой - 28,4% (республикалық көрсеткіш – 17,0%), жылқы - 24,2% (республикалық көрсеткіш – 7,1%), құрайды.
«Сыбаға», «Алтын Асық» және «Құлан» бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда. Мысалы, 2011 жылдан бері 23 400 бас МІҚ малының аналық басы әкелінсе, 2014 жылдан іске асырыла бастаған «Алтын Асық» бағдарламасы арқылы 64 300 бас қой және «Құлан» бағдарламасы аясында 4 500 бас жылқы сатып алынды -деп мәлімдеді спикер.
Бұдан бөлек жайылымдарды суландыру бағдарламасы қарқынды жүргізіліп, соңғы екі жылда 60 құдық және ұңғыма пайдалануға берілді.
2016 жылдың 7 айында облыстағы МІҚ малының саны өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 3,4% артып, 358,4 мың басты құрады.Сол сияқты қой мен ешкі саны 3,9% артып, 3,0 млн. басқа жетсе, жылқы - 4,7% (117 633 бас), түйе - 3,1% (6282 бас) артты.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай