Ақмола облысының әлеуметтік нысандары жылу беру маусымына 100% дайын

5 Қыркүйек, 2016 18:51
Ақмола облысында 763 білім беру нысаны мен 625 денсаулық сақтау нысаны, 510 әлеуметтік нысан мен 1844 тұрғын үй жылу беру маусымына 100% дайын.

Әкімдікте хабарлағандай, 5 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста 670 қазандық, 51 шақырым жылутрассасы, 85,9 км су жіберу-кәріз жүйесі жөнделді.

304 мың тонна көмір дайындалды, ол 2 айлық қажеттіліктің 97 пайызын құрады. Көкшетау қаласының жылумен қамту көздерінің дайындығы  кестеге сәйкес жүргізілуде. Облыстық бюджеттен жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін  1,4 млрд теңге бөлінді.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар