Петропавл экономикасына 23,8 млрд.теңге инвестицияланды

5 Қыркүйек, 2016 17:24
Облыс әкiмi Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте 2016 жылы Петропавл қаласына инвестиция тарту жөнiндегi жұмыстар мен табиғи монополиялар мен бәсекелестiктi қорғау департаментiнiң қызметiнiң I жартыжылдықта қорытындысы талқыланды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«2016 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша негiзгi каптиалға құйылған инвестиция көлемi 23,8 млрд.теңгенi құрады, физикалық индекс көлемi — 102,5%. Қаржы бөлу көздерi бойынша кәспiорынның өз қаражаты — 12,5 млрд.теңгенi құрайды, бұл жалпы көлемнiң 52,5%-ы», — дедi Марат Тасмағанбетов.

Сондай-ақ, Марат Иманбайұлының ақпаратынша осы жылы оң өсiмдi сақтап қалу үшiн 53,4 млрд.теңге көлемiнде қаражат бөлу керек. Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысы, жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебiнен салынатын құрылыс, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысы мен қайта салу, көше желiлерi, республикалық маңызы бар жолдар, бөгеттер, балабақшалар құрылысы, қонақ үйлер, сауда нысандары, бюджеттi ұйымдардың материалдық-тахникалық базасын нығайту, жарғылық қорды молайту каптиалды қажет ететiн жобалар қатарында тұр.

«СевКазЭнерго» АҚ-на, «Қызылжар су» ЖШС-на, Оңтүстiк Орал Темiр жолына, технологиялық құралдарды, азық-түлiк өнiмдерiн өндiрушiлердi индустриаландыру мен жаһандандыруға жеткiлiктi қаржы бөлiнетiн болады.

 

 

Барлық жаңалықтар