- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда 2016 жылы санвиация 1,4 мыңнан астам ұшырылым жасады
Қазақстанда 2016 жылы санвиация 1,4 мыңнан астам ұшырылым жасады
Тасымалданған пациенттердің 70%-ы облыстық және қалалық медициналық ұйымдарға, 30%-ы Астана және Алматы қалаларындағы республикалық орталықтарға жатқызылды, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталған мерзім ішінде шетелдік емханалар мен медициналық ұйымдардағы ҚР азаматтары-пациенттерін Астана және Алматы қалаларына емдеу шараларын жалғастыру үшін Пусан (Оңтүстік Корея), Цвейбрюкен (Германия), Анталия (Түркия), Измир (Түркия), Прага (Чехия), Бішкек (Қырғызстан), Мәскеу (Ресей) қалаларынан 7 ұшырылым жасалып, тасымалданды.
Санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары балалар жасындағы патология, жарақаттанушылық, қайғылы оқиғалар және уланулар, акушерлік-гинекологиялық патологиялар, қан айналымы жүйесі аурулары, жаңа туған нәрестелердің патологиялары және өзге де аурулар бойынша медициналық көмек көрсетті.
Сонымен бірге, 2016 жылдың 8 айында санитарлық авиацияның мобильдік бригадалары әртүрлі жарақат алған 425 пациентке, оның ішінде жол-көлік апатынан зардап шеккен 180 адамға медициналық көмек көрсетті.
Республикалық санитарлық авиация орталығының жұмыс істеу мерзімінде аса білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмектің шұғыл әрі уақытылы көрсетілуі нәтижесінде, мамандарды еліміздің шалғайдағы аудандарына жеткізу, сырқат адамдарды сонымен бірге, ағзаларды әрі қарай трансплантациялау мақсатында тасымалдау арқылы мыңдаған адамның өмірі сақталды.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады