Б.Жұмабеков: Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жас ұрпақтың қолында (БЕЙНЕ)

5 Қыркүйек, 2016 14:32
Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жас ұрпақтың қолында, деді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсенбай Жұмабеков Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.

«Биыл  біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Білім күні  елдің барлық мектептерінде  «Мәңгілік ел» патриоттық акті аясында «Мен өз елімнің патриотымын»  бірыңғай сабағы өтеді. Меніңше, бұл дұрыс. Кітапхана аталмыш сабақты өткізуге қосылды, себебі бұл оқыту-тәрбиелеу орталығы», - деді Б.Жұмабеков.

Сондай-ақ, ол айтып өткендей, өткен жылдан бастап  2-4 курстың студенттері мен  9-10 сынып оқышылары  3 адам екі күндік семинарды бес институционалдық реформа бойынша өтті.

«Бүгін жас ұрпақ Елбасы қазақстандықтар алдында қоятын бағыттарды түсінуі керек. Әрбір жас адам өзінің бағытын айқын білуі керек. Бұл Қазақстанның болашағы», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, білімсіз, экономикалық әдіссіз жаңа ұрпақ 30 дамыған елдің қатарына кіре алмайды.

«Біз қазір негізгі білімді жастардан талап етеміз. Әлем секунд сайын өзгеріп, ғылым жаңаруда. Қазақстан экономикалық даму үстінде, жастар патриоттық білімге ие болуы керек», - деді Б.Жұмабеков.

Ботагөз Айтжанова

Бейне:  Азамат Әлиев

 

 

 

Барлық жаңалықтар