Қазақстан мен Корея автожол құрылысы саласында ынтымақтасуға ниетті

5 Қыркүйек, 2016 13:37
Астанада «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Ермек Қизатов пен «Korea Expressway Corporation» компаниясының сыртқы жобалар бойынша бас директоры Джеонг Мин жол құрылысы және жаңа технологияларды игерудегі түсіністік пен ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» АҚ.

Меморандумға сәйкес тараптар жолдарды жөндеу  және жол құрылысы ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды енгізу әрі оны пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытатын болады.

Аталмыш технологияларды сақтау еңбек өнімділігі мен құрылыс, автожолдарды қамту саласында шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Джеонг Минг айтып өткендей,   бүгінгі қол қойылған меморандум екі елдің арасындағы жол саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретіндігін және Қазақстандағы интеллектуалды көлік жүйесін дамыту мен енгізуге жаңа мүмкіндіктер туғызатындығын баса айтты.

«Біздің білуімізше, сіздер 2020 жылға дейін 7 мың шақырым жолға ақылы жүйе енгізуді жоспарлап отырсыздар. Бұған қоса, Қазақстанның Батыс пен Шығысты көлік жолы арқылы жалғастыруда негізгі буын екендігін де жақсы білеміз. Біз жол құрылысы саласындағы өз тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз», - деді Д.Мин.

 «Бүгін біз өзара түсіністік пен ынтымақтастық меморандумын рәсімдеп отырмыз. Бұл шара «ҚазАвтоЖол» мен «Korea Expressway Corporation» компаниясының әріптестік құруындағы ұзақ мерзімді, тиімді және өзара ынтымақтастықты дамытуға өз септігін тигізеріне сенімдімін», - деді Е.Қизатов.

Барлық жаңалықтар