- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлт жоспары: Жамбыл облысында 5 ірі инвестжоба жүзеге асырылуда
Ұлт жоспары: Жамбыл облысында 5 ірі инвестжоба жүзеге асырылуда
Облыста «100 нақты қадам» бағдарламасының 60 қадамын іске асыру және сүт кластерін дамыту сондай-ақ, кооперативтерге шағын шаруашылықтарды біріктіру мақсатында Жаңазеландиялық «Fonterra» және Даниялық «Arla» бағдарламары бойынша Меркі ауданында құрамына 42 шаруашылық біріккен «Меркі өнімдері» өндірістік кооперативі құрылды.
Алдағы уақытта Өндірістік кооператив төңірегінде 70-200 басқа дейін асыл тұқымды сауын сиыры бар сүт-тауарлы фермалары құрылатын болады, кооператив олардың төңірегіндегі сүт өндірушілерді, мал азығын дайындаушыларды ұйымдастыра отырып, дайын өнімді өткеру жұмыстарымен айналысатын болады.
Бұл мақсатта сүт бағытындағы 1000 бас асыл тұқымды МІҚ малын астып алуды қаржыландыратын шағын несие мекемесі құрылды.
Қазіргі уақытта күніне қуаттылығы 50 тоннаға дейін сүтті қайта өңдеу зауытының құрылысына жер бөлініп, жобалық сметалық құжатын дайындау жұмыстары жүргізілуде - деп хабарлады спикер брифинг барысында.
Ал, 61-ші қадам (ет өндіріс мен өңдеуді дамыту) бойынша 5 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда. Мысалы,
Жамбыл ауданында «Халал» стандарты бойынша жылына 1757 тонна ет өнімдерін өндіру. Жоба «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-мен «ADEAS Development» компаниясы БАЭ инвесторымен жүзеге асырылуда. Жобаның құны 3 млрд.теңге. Бұл жобаның толық іске қосылуы ағымдағы жылдың шілде айына жоспарлануда.
Меркі ауданында Малайзиялық инвестордың қатысуымен 3 мың бас мүйізді ірі қара малға арналған «Agrostanferms» ЖШС бордақылау кешенінің құрылысы. Жоба бойынша мерзімі 49 жылға 200 га жер телімі жалға берілді. Құрылыс жұмыстары 2016 жылдан басталуы жоспарлануда. Инвестициялық құны шамамен 10 млн. АҚШ. долл. Бүгінгі күнге 5500 ұсақ мал басына және 200 бас жылқыға арналған жалпы құны 100 млн.теңге құрайтын бордақылау кешендерін және Канада елінің технологиялық үлгісімен жасалған 18 дана малшы үйімен 18 дана арнайы қашарлар соғылып, іске қосылды.
«Агро фирма Турікпен» ЖШС 3,0 мың бас мүйізді ірі-қара малға арналған бордақылау кешені және 5 мың бас мүйізді ірі-қара мал шаруашылық репродуктор жобасының құрылысы жүзеге асырылуда. Жобаның құны 500 млн. теңге. Осы жобаны іске асыру мақсатында 3 мың бас қара малы және 1560 бас жылқы сатып алынды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері