- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан қытайлық компаниялармен бірқатар құжаттарға қол қойды
Қазақстан қытайлық компаниялармен бірқатар құжаттарға қол қойды
ИДМ хабарлағандай, жобалар инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасы аясында іске асатын болады. Айталық, жалпы сомасы 20 млрд. АҚШ долларынан асатын 51 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Аталмыш бағдарлама өндірістің өңдеу секторына жаңа технология трансферттеу, қазақстандық жұмыс орындарын құру мен ҚХР-на дайын өнім экспорттауға бағытталған.
Дөңгелек үстел барысында инвесторларға инвестициялық климаттың жақсарғаны мен мемлекеттің инвестицияны қолдау шаралары бойынша қабылданған қадамдары таныстырылды.
Өз кезегінде қытайлық компаниялар жобаларды жүзеге асыру жоспарларымен таныстырып, Қазақстанның инвестициялық климатына жоғары баға берді.
Сонымен қатар, дөңгедек үстел аясында «KazakhstanPetrochemicalIndustriesInc» ЖШС мен Қытайдың Мемлекеттік Даму Банкі арасында жалпы сомасы 2 млрд. АҚШ доллары болатын құжатқа қол қойылды. Сонымен қатар, ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «Zhejiang JUMORE E-CommerceCo, Ltd» компаниясы арасында өзара түсіністік меморандумына және ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Шанхай қаласының халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу жөніндегі Комитеті арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Жоғарыдағы қол қойылған құжаттар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы жоғары деңгейдегі ынтымақтастықты айғақтайды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»