Жапонияның Премьер-Министрі Н.Назарбаевты Нагасакиге келуге шақырды

5 Қыркүйек, 2016 11:04
Мемлекет басшысы G20 саммиті аясында Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэмен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Келіссөз барысында тараптар сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту перспективалары тәрізді екіжақты өзара іс-қимылдың басты бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар мәселелер жөнінде пікір алмасты.

С.Абэ еліміздің ядролық қарусыздану ісіндегі маңызды еңбегін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевты алдағы сапары барысында Нагасакиге келуге шақырды.

 

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар