- Басты
- Бразилия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын ресми түрде растады
Бразилия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын ресми түрде растады

Астаналық халықаралық көрмесінде Оңтүстік Америка елін бразилиялық «Итайпу Бинасионал» компаниясы Бразилияның Энергетика және тау кең қазу өнеркәсібі министрлігінің координациясы астында ұсынатын болады.
Бразилия энергия шығару бойынша «жасыл» технологияларды белсенді түрде пайдаланатын елдердің қатарына кіреді. Мемлекет жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану мен өндіруде едәуір тәжірибесі бар, Бразилияда тұтынылатын энергияның 45% және отынның 18% жаңғыртылады. Гидро, термоэлектрикалық, күн, жел және ядролық электр станцияларынан тұратын Бразилияның энергетикалық кешені қоршаған ортаны корғау тұрғысынан қауіпсіз. Бразилия биологиялық отынды шығаратын әлемдегі ең заманауи технологиялары бар, мысалға этанолды қант құрағынан өндеу тиімді болып табылады, себебі ол ең арзан және экологияға зиянсыз.
Бразилияның тәжірибесі қазбалар көздерін пайдаланудан жаңғыртылатын энергия көздеріне ауысуға тырысып жүрген елдерді қызықтыруда.
Жақын арада күшіне енетін азаматтардың Өзара визасыз сапары туралы Қазақстан мен Бразилия арасындағы 2016 жылғы 25 шілдеде қол қойылған Келісім ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға және ЭКСПО көрмесіне Латын Американың ең халқы көп елінен келушілерді тартуға ықпал етеді
-
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады
-
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды
-
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық
-
Цифрландыру: Әлеуметтік қызметтің 91%-ы электронды түрде көрсетілді
-
Мемлекеттік емес ұйым саналатын мекемелерге ресми сайтта ақпаратты ашық жариялау міндеттеледі
-
COVID-19: Аустралия жыл соңына дейін шекарасын ашпайды, Бразилия ресейлік вакцинаны тіркеген жоқ
-
Сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандар мерзімнен бұрын шартты түрде босатылмайды
-
COVID-19: Әлем елдері карантин шараларын күшейтіп жатыр, Израиль локдаунды екінші рет енгізді
-
COVID-19: 13 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай
-
COVID-19: 11 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай
-
COVID-19: 10 тамыздағы эпидемиологиялық жағдай
-
Коронавирус: 24 шілдедегі жағдай
-
Коронавирус: 22 шілдедегі жағдай
-
Денсаулық сақтау министрі Атырау облысындағы инфекциялық стационарды онлайн түрде аралады
-
Д.Сәдуақасова: "Жас Ұлан" ұйымы балалардың халықаралық жобаларға қатысуына мүмкіндік береді

