- Басты
- Жаңалықтар
- Әбдіров атындағы ҚР Әскери-әуе күштерінің авиабазасына 15 жыл толды (ФОТО)
Әбдіров атындағы ҚР Әскери-әуе күштерінің авиабазасына 15 жыл толды (ФОТО)
Әскери бөлім командирі полковник Ермек Сапаров жеке құрамды осынау атаулы күнмен құттықтады. «2016 жыл – бөлім үшін мүшелтой болып саналады. Бұл уақыт маңызды күнделікті қызметпен, ұшулардың сапалы қамтамасыз етілуімен, авиациялық парктің жауынгерлік әзір жай-күйде ұсталуымен толы болды.
Осы кезең ішінде бірнеше жүздеген офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер бөліміміздегі армиялық қызметтің күрделі әрі құрметті мектебінен өтті», - деп командир атап өтті. Аталған бөлім «Шеп», «Сарыарқа», «Дала қыраны», «Жетісу», «Өзара іс-қимыл», «Бейбіт миссия» достастық мемлекеттердің бірлескен ірі ауқымды сынды әртүрлі ауқымдағы халықаралық және мемлекеттік іс-шараларға, сондай-ақ, Отан қорғаушы күнін мерекелеуге орай әскери парадтарға белсене атсалысатынын айта кетейік.
Бүгінде бөлімде жоғары деңгейде дайындалған кадрлық офицерлер, келісімшарт бойынша әскери қызметшілер, батыл әрі өжет ұшқыштар мен штурмандар, инженерлік-техникалық құрамдағы, байланыс және тылдың жоғары кәсіби мамандары және барлығында да ортақ ерекшелік – Қазақстанның халқына, конституциялық және әскери борышына адал болу.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан