- Басты
- Жаңалықтар
- Германияда ЕҚЫҰ мүше елдері ұйымның нығаюын талқылады (ФОТО)
Германияда ЕҚЫҰ мүше елдері ұйымның нығаюын талқылады (ФОТО)
Постдамда өткен іс-шара барысында Р. Василенко ЕҚЫҰ қатысушы-елдердің сыртқы саясат ведомстволардың басшыларын, қазіргі уақыттағы ҚР сыртқы саясаттың, сондай-ақ 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне жоспарланған мүшелігі аясында басымдылықтарымен таныстырды.
Нью-Йорк қаласында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында атап өтілген Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларына, «Әлем. XXI ғасыр» манифестің ережелеріне және 2016 .ж. 29 тамызда өткен «Ядролық қарусыз әлемді құру» халықаралық конференциясының нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстандық дипломат ЕҚЫҰ жұмысын келешекте күшейту бойынша бірқатар ұсыныстар жасады, оның ішінде ұйымның екінші өлшемі – экономикалық-экологиялық қауіпсіздік, нақты айтқанда, герман төрағалығы шеңберінде мемлекеттердің экономикалық өзара ықпалдастығын көтеру және өзара сауда үшін тосқауылдарды алып тастау болды. «ЕҚЫҰ кәсіпқой тәжірибемен, біліммен, сараптамамен және жаңа технологиялармен алмасу арқылы аталған салада ынтымақтастық орнатуға қолғабыс көрсете алады» деп атап өтілді.
Сонымен қатар, «еркін сауда мен Тынық және Атлант мұхитке дейін ілгертілген экономикалық ынтымақтастық кеңістікті» құру мақсатында Еуроазиялық экономикалық қеңес және Еуропа Одағы арасында өзара ықпалдастықты орнатуға ЕҚЫҰ-ның рөлін қарастыруды ұсынылды.
Осы мағынада ЕҚЫҰ қатысушы-елдердің көбі алдағы уақытта қатысатын «ЭКСПО-2017» көрмесінің және ұйымның маңыздылығы аталып өтілді.
Кездесуде халықаралық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды, нақты айтқанда, Украина қақтығысының реттеуіне ЕҚЫҰ тарту, ЕҚЫҰ кеңістігінде ұзақ уақтылы қақтығыстарды шешуде ұйымның рөлі, сондай-ақ Еуропадағы көші-қон дағдырысқа ұйымның мүмкін қатысуы. Сөз айтқан барлық қатысушылардың негізгі үндеулері: ЕҚЫҰ қатысушылар-мемлекеттері арасында өзара сенімді орнату қажеттілігі, ұйымның және оның институттарын келешекте нығайту болды. Осыған орай, кездесуде ЕҚЫҰ негізін қалаушы құжаттарда бекітілген, соның ішінде 1975 ж. қол қойылған Хельсинки актін және 2010 ж. Астаналық декларациясын қоса алғанда негізгі қағидаттарды нығайту және сыйлау маңыздылығы аталып өтілді. Іс-шара алаңында қазақстандық дипломаттың Германия, Аустрия, Ұлыбритания, Мажарстан, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Македония, Норвегия, Польша, Сербия, Словакия және т.б. елдердің СІМ басшыларымен қысқа кездесулер өтті. Кездесулер барысында екіжақты қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, жаңадан сайланған ЕҚЫҰ Парламент ассамблеясының президенті Кристин Муттонен, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Ламберто Занньер және Еуропа Кеңесінің сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша Жоғары өкілі Федерике Могеринимен кездесулер өтті.
Берлинде болу кезінде Р. Василенко Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша ГФР СІМ-нің Уәкілі Андреас Пешкемен және Герман экономикасының Шығыс комитетінің іс-басқармасы Михаэль Хармспен екіжақты келіссөдер өткізді.
Тараптар екіжақты қатынастардың және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады және технологиялық пен шикізат әріптесті шеңберінде екі елдің экономикалық уағдаластықтардың жүзеге асырылуы бойынша жемісті ықпалдастықты, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне Германияның қатысуын, сондай-ақ Қазақстанда дуалдық білім беру моделін енгізілуін атап өтті. Сұхбатшылар екіжақты ынтымақтастыққа қосымша серпілісті беру үшін алдағы уақытта екіжақты сапарларды ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастырды. Қазақстандық делегацияның Германияға сапары барысында өткен кездесулердің және іс-шараның нәтижелері екіжақты қатынастарды келешекте барлық бағыттарда дамытуға және нығайтуға тараптардық өзара қызығушылықтарын көрсетті, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті сын-тегеуріндер және орталық-азия аймағында Қазақстан Германияның негізгі әріптесі ретінде динамикалық дамып келе жатқаны бұған себепші болуда.
Үстіміздегі жылы ГФР ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуде. Оның тақырыбы «Сұхбатты жаңарту, сенімдікті, қауіпсіздікті қайта құру» көптеген өзекті тақырыптар бойынша сұхбатты барынша алға ілгерлету үшін, Федералдық үкімет ЕҚЫҰ-ның құралдарды және институттардың нығаюына қолғабыс көрсетуге ниет білдіруде
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
COVID-19: Әлем елдері Үндістанға көмек қолын созуда, ал Түркия мен Пәкістан жаппай локдаун енгізбекші -
Сарапшылар: Түркі Кеңесі ұйымға айналса, түркі елдері арасында ынтымақтастық нығаяды -
Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 29 жыл толды -
COVID-19: Британиялық оқушылар жазда сабақ оқуы мүмкін, ал Чехия, Финляндия елдері ТЖ режимін ұзартпақ -
Елордада «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелерімен кездесуі өтті -
ҚХА мүшелерінің дауыс беруі басталды -
Шолу: 2020 жылы өткен әлем елдеріндегі парламент сайлауы -
Сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған сабақтар қорытындыланды