ШҚО-дағы бал фестивалінде ең үздік бал өнімдері таныстырылады

3 Қыркүйек, 2016 12:07
Шығыс Қазақстанда бал фестивалінде ең үздік бал өнімдері таныстырылады, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Хабарламада айтып өткендей, бал фестивалі Шығыс Қазақстан облысының дәстүрлі шарасына айналды. 2016 жылдың 10 қыркүйегінде Өскеменнің орталық алаңында 6-шы бал фестивалі өтеді. Өңірдің үздік омарташылары бал өнімдерін ұсынады.

10 қыркүйекте Өскеменнің орталық алаңында арнайы сауда орындарында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған әр түрлі бал өнімдері таныстырылады. Сауда шатырларында сатушылар бауырсақ, құймақ және үй нанынан дәм татуды ұсынады.

Шара барысында бал өнімдеріне баға бере отырып, комиссия оның сатылған орнының әрленуі мен дәміне орай ең үздік омарташыларды марапаттайды.

Фестивальдің мақсаты – Шығыс Қазақстанның бал өсіру шаруашылығын одан әрі дамыту, көлеймін ұлғайту. 

Барлық жаңалықтар