- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда Тәжікстан мәдениет күндерін өткізу жоспарланған
Қазақстанда Тәжікстан мәдениет күндерін өткізу жоспарланған
Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы және тәжік дипломатиялық миссиясының басшысы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың кең ауқымды мәселелерін талқылады.
Назирмад Ализоданы қарсы ала отырып, ҚР Мәдениет және спорт министрі Қазақстн және Тәжікстан арасындағы достық қарым-қатынастар жиырма жылдан астам уақыт бойы үнемі даму және нығаю жолымен дамып жатқандығын айтып кетті. Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, мәдени-гуманитарлық өзара байланыс та дамудың жоғары серпінін көрсетіп келеді: түрлі деңгейлі іс-шаралар, көрмелер, халықаралық ғылыми жиындар, дөңгелек үстелдер үнемі бірлесіп ұйымдастырылады.
«Душанбе қаласында «Бәйетерек» қазақ ұлттық мәдениет орталығы жұмыс істеп келеді. Орталықта отандастарымыз қазақ тілін, салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымыз туралы, туған елінің тарихын оқып, халық қолөнеріне үйренеді. Отанынан шалғай аймақтарда тұратын жастарымыз өз болмысы туралы ұмытпағаны дұрыс, «Бәйтерек» - ол Тәжікстандағы Қазақстан шаңырағы», - деп ойымен бөлісті Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Қазақстандағы Тәжікстан Республикасының ресми өкілі өз сәлемін Қазақстан ұлттық олимпиада құрамасын Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарындағы сәтті өнер көрсетуімен құттықтады. Елші Назирмад Ализода қазақстандық әріптесінің пікіріне қолдау көрсетіп, екі мемлекет тығыз шығармашылық және мәдени байланыстарды дамытып жатырғандығын айтып кетті. Ол өз елі Президентінің ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің ашылуы қарсаңында Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы мелекеттері басшыларының отырысына қатысуға дайындығын білдірді. Сонымен қатар Елші келер жылы елімізде өтетін маңызды шаралар аясында Тәжікстан мәдениет күндерін өткізуді ұсынды.
Одан басқа, Назирмад Ализода 6 қыркүйек күні Елшілік өткізетін Тәжікстанның Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралардың аясында Астанаға әйгілі «Базморо» би ұжымы келетіндігін хабарлады.
«Біздің тамаша би ансамбліміз Астанаға қазіргі уақытта «Билейтін Азия» Халықаралық фестивалі өтіп жатқан Сеулдан (Корея) келетін болады. Біз талантты бишілерімізді Қазақстан тұрғындары біздің мәдениетімізбен жақынырақ танысып, атақты бишілеріміздің шеберліктеріне куә болсын деген мақсатпен шақырдық», - деді Тәжікстан Елшісі.
Әңгіме барысында екі мемлекет өкілі дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық мәселелерін де талқылады. Қазақстандағы тәжік дипломатиялық миссияның басшысы Елшіліктің барлық қызметкерлері Рио Олимпиадасы барысында қазақстандық спортшыларға жанкүйер болып, олардың жеңістеріне қуанып, жеңілістеріне күйінген болатын.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады