Қазақстан мен Англияның заңгерлері ынтымақтастық орнатуда (ФОТО)

3 Қыркүйек, 2016 11:03
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асановтың Англия мен Уэльстің экс-Жоғарғы судьясы Вульф Кеннет мырзамен кездесуі өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қатысушылар екіжақты ынтымақтастық, соның ішінде жетекші халықаралық заңгерлермен өзара әрекеттестік және сот өндірісі мен арбитраждық қызметтің реформалануы аясында серіктес өзара қатынастың даму мәселелерін талқылады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының сотын және Ағылшын құқығы негізіндегі Халықаралық арбитраждық орталықты құруда Вульф мырзаның қатысу мүмкіндігі, сонымен қатар Астана халықаралық қаржы орталығы аумағында сот төрелігін жүзеге асыруда тәжірибелі ағылшын судьялары мен арбитрларын жұмысқа тарту жөнінде тараптар өзара пікір алмасты.

Тараптар екіжақты қатынастың болашағын жоғары бағалап, құқықтық салада өзара әрекеттестікті нығайтуға ниет білдірді.

Барлық жаңалықтар