Қызылордадағы жаңа шағын ауданының инфрақұрылымына 9,5 млрд теңге бөлiндi

2 Қыркүйек, 2016 17:48
Қызылордадағы «Бәйтерек» шағын ауданының инфрақұрылымына 9,5 млрд теңге бөлiндi. Бұл туралы облыс әкiмiнiң орынбасары Руслан Рүстемов «Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай Астанада «Қуатты өңiр - қуатты Қазақстан» атты өңiрлердiң күндерiн өткiзу аясында Қызылорда облысының күндерi» деген тақырыпта өткен ОКҚ брифингi барысында мәлiмдедi.

«Биыл Қызылорда қаласында бiр мезетте 6 600 азаматқа жер телiмi берiлдi. Болашақта осы аумақта «Бәйтерек» шағын ауданы бой көтередi. Бұл жерге 36 мың адам қоныстанатын болады. «Бәйтерек» шағын ауданының инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 9,5 млрд теңге қаражат бөлiндi. Осы қаражатқа аталған аумаққа ауыз су, газ, тағы да басқа инженерлiк инфрақұрылымдар тартылады», - дедi Р.Рүстемов.

Оның айтуынша, Қызылорда облысында әлеуметтiк-экономикалық бағытта көптеген жұмыстар атқарылып жатыр.

Атап өтсек, 3-4 қыркүйекте Астанадағы Қызылорда облысы күндерi аясында елордалықтар мен қала қонақтарына ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жәрмеңкесi, өңiр жетiстiктерiн насихаттайтын көрмелер мен шығармашылық ұйымдардың концерттiк бағдарламалары ұйымдастырылады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар