- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы «Назарбаев Орталығының» жаңа ғимаратында болды
Мемлекет басшысы «Назарбаев Орталығының» жаңа ғимаратында болды
«Ғимаратты аралау барысында Нұрсұлтан Назарбаев оны қарап шығып, нысанның негізгі өлшемдерімен танысты», - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, Тұңғыш Президент күні өзге де мемлекеттерде – АҚШ-та, Еуропа, Азия елдерінде мереке ретінде атап өтілетінін айтты.
«Қазақстан Парламенті өз шешімімен мемлекеттік мереке ретінде бекітті. Бұл күннен маңызды мерекелер басталады, осыдан кейін олардың ішіндегі ең маңыздысы – Тәуелсіздік күні атап өтілетін болады. Бұл оқиғалар өзара байланысты. Мен мандат алып, барша халықтың қолдауына ие болған соң оның атынан еліміздің тәуелсіздігін жариялауға мүмкіндік алдым. Сондықтан біз бұл күнді халқымыздың даму және өсіп-өркендеудің жаңа жолына түскен күн ретінде атап өтеміз. Бүгін Астана мен облыстарда еліміздің азаматтарына тұрғын үйлер берілуде, халықтың игілігіне қызмет ететін жаңа әлеуметтік нысандар іске қосылуда. Бұдан бөлек, бүгін елордада «Эко такси» жобасының тұсауы кесілді, ол ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықтың басы болып саналады. Бұл Астанадағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған. Біз осы тәжірибені Алматыға және Қазақстанның басқа да қалаларына таратамыз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті «Назарбаев Орталығы» ғимараты елордамыздың жаңа бірегей нысаны болып табылатынын атап өтті.
«Бұл – күллі әлемге белгілі архитектор Норман Фостердің туындысы. Мұндай орталықтар әлемнің көп қалаларында салынуда. Мысалы, АҚШ президенттері кітапханалар, орталықтар ашып жатады. Бұл орталықта тәуелсіздігіміздің тарихы, әлемдік экономика мен саясат жөнінде зерттеулер жүргізілетін болады. Жастар отандық тарих саласында жаңаша білім алады және тілдерді үйренетін болады. Ғимарат биікті шолған көз жанарының пішіні тәріздес. Мен нысанды салуға атсалысқан құрылысшыларға, демеушілерге ризашылығымды білдіргелі келдім. Бұл ғимарат мемлекет қаражатына емес, жеке кәсіпкерлердің қаржысына салынды. Баршаңызды осынау мерекемен құттықтаймын, қазақстандық әр отбасыға игілік және табыс тілеймін», – деді Мемлекет басшысы.
Бұған қоса, ғимаратты аралау барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Мемлекет басшысының қазіргі заманғы Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына елеулі септігін тигізген, арнайы үлгімен рәсімделген тарихи жарлықтары көрсетілді.
Көпфункционалды ғимараттың аумағы – 28 мың шаршы метрден астам, 9 қабаттан тұрады.
Кітапхана жалпы қоры 460 мың бірлікті сақтауға есептелінген, олардың 200 мыңға жуығы – жабық қор.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді