- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрі ірі әскери полигондардың даму бағыттарын белгіледі (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрі ірі әскери полигондардың даму бағыттарын белгіледі (ФОТО)
Қорғаныс министрі Тараз қаласындағы әуежайдың әскери секторына барып, әскери бөлімдердің әуеайлақтарына іргелес орналасқан нысандардың құрылыс жоспарын қарастырды. Себебі, Қорғаныс министрлігінің жоспары бойынша мұнда ҰҰА дайындау және жауынгерлік қолдану орталығы құрылады.
Қайта құрастыру ауданы 50 мың шаршы метр болатын әскери бөлімнің әуеайлақтық учаскесінде барлық нысандар салынып, жөндеуден өтеді.
Дәл осы күні Қорғаныс министрі «Мәтібұлақ» және «Гвардейск» полигондарында кеңес өткізді. Өйткені, аталған нысандар авиацияны, зымыран әскерлері мен артиллерияны қолдана отырып, ірі әскери оқу-жаттығуларды бір уақытта өткізуге мүмкіндік беретін Қазақстандағы ауқымды жалпыәскери полигондардың бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда негізгі бағыттар бойынша дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Онда құрылыс пен жөндеудің барлық негізгі аспектілері көзделген. Ол командалық пункті, оқ-дәрі және авиацияны келтіру пункттері, атыс орындары, тікұшақ алаңы, 100 метрлік оқ ату тирінің үйінділері, модульді казарма мен БӨП-тің салынуы, кубрик үлгісі бойынша казармаларды қайта жабдықтау, тазарылмалы құрылыстардың күрделі құрылысы. Сондай-ақ, әскери қалашықтың инфрақұрылымын абаттандыру және көркейту.
«Белгіленген жұмыс қатаң кесте бойынша жүргізілуі тиіс. Демек, барлық өткізілетін шаралар 2017 жылдың 1 шілдесіне қарай аяқталуы қажет. Жауапты адамдар орындалу мерзімін және жүргізілетін жұмыстың сапасын қадағалап отырғандары жөн», - деп Иманғали Тасмағамбетов шегелеп айтты.
Одан басқа, күрделі жөндеу Қарағанды гарнизонының «Спасск» оқу-жаттығу полигонында, Астана қ. Қырқыншы станция 68665 әскери бөлімінің аумағында жүргізіледі және Алматы қаласындағы Құрлық әскерлері Әскери институты оқу полигонының объектілері қалпына келтіріледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары