- Басты
- Жаңалықтар
- Ханчжоуда Қазақстан мен ҚХР экономикалық бағдарламаларын ұштастыру жөніндегі жоспарға қол қойылды
Ханчжоуда Қазақстан мен ҚХР экономикалық бағдарламаларын ұштастыру жөніндегі жоспарға қол қойылды
Құжатқа Қазақстан тарапынан Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев, Қытай тарапынан – ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Сюй Шаоши қол қойды.
Қазақстанның Қытаймен ынтымақтастығының стратегиялық сипатын және осы елдің инвестициялық әлеуетін ескере отырып, Жоспарды іске асыру екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсендендіруге және кеңейтуге мүмкіндік береді. Аталған құжат инфрақұрылым, инвестициялар және сауда, өнеркәсіп, көлік және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың айтарлықтай кеңеюін болжамдайды.
Тараптар автожолдар салуға және Қазақстан аумағындағы автожол инфрақұрылымын жаңғыртуға, сондай-ақ Қытай Халық Республикасы-Еуропа және кері бағдар бойынша теміржол магистралін салу мен жаңғыртуға кәсіпорындардың қатысуын белсенді түрде көтермелеуге ниеттенеді. Одан басқа, құжат екі елдің аумағында, сол сияқты үшінші елдерде логистикалық терминалдарын дамытуда кәсіпорындарға қолдау көрсетуді болжамдайды, үшінші елдер Қазақстан мен Қытайдың экспорттық-импорттық әлеуетін ұлғайтуға ықпал ететін болады.
Тараптар әуежайларға арналған инфрақұрылымды құру және әуе қозғалысын басқару жөніндегі ынтымақтастықты нығайтуға, ақпарат алмасу үшін бірлесіп алаңдар қалыптастыруға және екі елдегі әуе компанияларының бизнес жүргізуі үшін қолайлы орта жасау жұмысын жалғастыруға ниеттенеді.
Құжат сауда саласын кеңейтуге, сауда құрылымын оңтайландыруға, сауда ауқымын ұлғайтуға, сондай-ақ екіжақты сауда айналымында жоғары технологиялы өнімдердің үлесін арттыруды болжайды.
Қол қойылған Жоспар шеңберінде, Қазақстан мен Қытай индустрияның жаңа буын биотехнологиясы, энергияның жаңа көздері және жаңа материалдар сияқты салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Елдер инжиниринг техникасы мен автомобиль өнеркәсібін өндіру саласындағы ынтымақтастық ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, құжат туризм және коммуналдық шаруашылық пен сумен жабдықтау жүйелері саласындағы инфрақұрылымды салу аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Қытай тарапы Қазақстанның қалалық жылу және сумен жабдықтау желісін реконструкциялауды және жаңғыртуды қолдайды.
Жалпы, ең алдымен, мемлекет және үкімет басшыларының тұрақты кездесулері арқылы, сондай-ақ «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бастамасының шеңберіндегі Қазақстан мен Қытайдың бірлескен жобалары бойынша жұмыстың басталуына байланысты, Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынастың жандана түскенін атап өткен жөн.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары