• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қызылорда облысындағы шыны зауыты 2017 жылдың екінші жартысында іске қосылады

Қызылорда облысындағы шыны зауыты 2017 жылдың екінші жартысында іске қосылады

2 Қыркүйек, 2016 16:28
Қызылорда облысында шыны зауытын 2017 жылдың екінші жартысында іске қосу жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қызылорда облыстық индустриялды-инновациялық даму басқармасының жетекшісі Ринат Сұлтангереев.

«Өткен жылдың сәуірінде зауыт құрылысын бастадық. Қыркүйекте дайын өнім қоймасының құрылысын аяқтаймыз. Екінші жарты жылдықта зауытты іске қоспақпыз. Қазіргі таңда нысанға технологиялық қондырғыны жеткізу қажет. Биылғы жылдың соңында қызметкерлер іріктеледі. Оларды шетелдік мамандар оқытатын болады», - деді Р.Сұлтангереев.

Жаңа шыны зауыты 400 жұмыс орнын ұсынады. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 197 ың тонна шыны шығарады.  Шығарылатын шынының түрлері әр түрлі.  Оған қоса, шикізаттың 90 пайызы Қызылорда облысында өндіріледі. Зауыттың құны 36,8 млрд теңгені құрады.

 

Барлық жаңалықтар