Алматы австриялық Штириямен серіктестік орнатып жатыр

2 Қыркүйек, 2016 20:08
Алматы делегациясы жұмыс сапарымен австриялық федералды Штирия жеріне барды, деп хабарлады СІМ.

Сапардың мақсаты Алматы мен Штирия арасындағы ынтымақтастықтың орнауы. Сапарды  Штириядағы Қазақстанның құрметті консулы Австриядағы Қазақстан елшілігінің көмегімен ұйымдастырды.

Алматы делегациясы Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Аукеновтың  төрағалығымен автриялық жер басшылығымен кездесті, оған қоса жер Парламентінің президенті Б.Воллат пен Грац  қалалық кеңес мүшесі Г.Рюшемен кездесті. Кездесу аясында Алматының Штирия мен Грац елдерімен ынтымақтастығы талқыланды.

Сондай-ақ, Штирия үздік кәсіпорындарына бару жүзеге асырылды. KNAPP (қоймалық  логистика), AVL List, Andritz Hydro (гидроэнергетика), Voestalpine Boehler Welding и Privatklinik Lassnitzhöhe кәсіпорындарымен ынтымақтастықты дамыту талқыланды.

Қазақстандық делегация Алматының инвестициялық мүмкіндігі мен іскерлік өмірі туралы ақпарат берді.

 

Барлық жаңалықтар