Қазақстан мен Қытай IT саласында ынтымақтастық орнатты

2 Қыркүйек, 2016 18:54
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және «HUAWEI» компаниясы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану саласындағы екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлады “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ.

Құжатқа Шанхай қ. "HUAWEI CONNECT 2016" бұлтты технологиялар, үлкен деректер және деректерді басқару саласындағы инновациялық шешімдер жөніндегі халықаралық форумы аясында қол қойылды. Жыл сайынғы форумға 400-ке жуық спикерлер қатысты, олардың ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жетекші мамандар мен басқарушылар бар. Форум бағдарламасында — ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту стратегиясы мен инновацияларды пайдаланудың әлем бойынша кеңінен таралып жатқан жаңа бағыттарын талқылау.

Меморандум аясында ҰАТ мен Huawei ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірлескен инновациялық жобаларды әзірлеу және өткізу, тәжірибе мен білім алмасу бойынша әріптестік жүргізуге ниеттеніп отыр.

«ҰАТ» АҚ басқа да IT-компаниялармен қарым-қатынас орнатуды жоспарлап отыр.

 

Барлық жаңалықтар