- Басты
- Жаңалықтар
- В.Тельнов: «Нұрлы жол» Қытайдағы G -20 саммитінде интеграция үлгісі бола алады
В.Тельнов: «Нұрлы жол» Қытайдағы G -20 саммитінде интеграция үлгісі бола алады
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдағы G-20 саммитіне қатысады. Күннің негізгі тәртібі – әлем экономикасының жаңаша құрылуы. Саммитте аса үлкен маңыз интеграция мәселесіне бөлінеді. Қытай «Бір белдеу бір жол» бастамасы ұсынылған болатын, ол «Экономикалық белдеу мен Жібек жол» мен «XXI ғасырдың Теңіз Жібек жолы» жобаларының бірігуі болып табылады. Саммит аясында Еуразияны тарту үшін осы тақырыптар көтеріледі. Қазақстан үшін бұл өте тиімді, себебі бізде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ пен Ұлы Жібек Жолы жүйесін интеграциялау басты назарда тұр, бұл бағдарламаның негізінде экономиканың қайта қалыптасу жатыр», - деді сарапшы.
Бұл орайда Владимир Тельнов айтып өткендей, ұйымдар арасында ел экономикаларының бір- бірін толықтыруы консолидация үрдісі аясында өтеді.
«Қазақстан мұндай істі атқару үшін барлық мүмкіндікке ие. Мақсатымыз айқын. Энергетика мен жер логистиканы дамыту үшін дайын. Көліктік артерияны 21 ғасырға сәйкестендіріп құру қажет», - деді В.Тельнов.
Саясаттанушының айтуынша, көліктік артериядан бөлек экономика дамуы керек. Бұл орайда Қазақстанға халықтың жақсы өмір сүруі үшін басымдылықтарды дұрыс анықтауы керек.
«Қытайдағы үлкен ондық саммитінде Қытай экономиканы дамытудың жаңа әдістерін ұсынады, оның негізі – интеграциялық күштерді дамыту. «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылып жатқанын ескере отырып, біз кей дәрежеде үлгі бола аламыз. Қазір техника мен ғылымның дамуы алқаптарды игеруде, жолдарды қысқарту үшін көліктік-логистикалық жүйе құру керек», - деді ол.
Ботагөз Айтжанова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды