- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Назарбаева: 2016-2017 жылдарға арналған орта білім ұйымдарының мематтестациясы бір жылға шегерілді
Д.Назарбаева: 2016-2017 жылдарға арналған орта білім ұйымдарының мематтестациясы бір жылға шегерілді
Кеңес барысында білім және ғылым министрлігінің өкілдері қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес мемлекеттік бақылау шаралары оның тиімділігін толық қамтамасыз етпейтіндігі туралы ақпараттандырды. Осылайша, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге лицензияны тартып алу бойынша шаралар қабылданбайды, әкімшілік істер қозғалмайды, аттестациядан өтпеген бала бақшалар мен мектептер жабылмайды.
Сондай-ақ кеңеске қатысушылар министрліктің бастамасымен жүргізілген экономикалық зерттеулер нәтижесінде негізгі назар білім ұйымдарының өзбетінше бағалауына аударылатын мемлекеттік аттестациядан қызметті өлшемді бағалауға өту бойынша ұсыныстардың әзірленгенін атап өтті.
Қазіргі уақытта бағалаудың жаңа жүйесін жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар әзірленуде. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерді бағалау жүйесіндегі жаңа тәсілдемелер мемлекеттік аттестациялау тәжірибесінде кездесетін жемқорлық тәуекелдікті азайту жөніндегі шаралардың бірі болып табылады.
БҒМ өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік бақылауда жаңа тәсілдемелер енгізу белілі бір дайынық жұмысты талап етеді. Аталғандардың негізінде, өзгерістерге байланысты орта білім беру мекемелерінде ішінара тексеру мен мемлекеттік аттестация өткізу мерзімін келесі 2017/2018 оқу жылына ауыстыру ұсынылады.
Өз кезегінде Д. Назарбаева тиісті мемлекеттік органдарға аталған ұсыныстар бойынша нормативтік-қықықтық актілер әзірлеуді тапсырды.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы