- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Финляндия денсаулық сақтау саласында стратегиялық серіктестік бойынша меморандумға қол қойды
Қазақстан мен Финляндия денсаулық сақтау саласында стратегиялық серіктестік бойынша меморандумға қол қойды
«Орта медициналық қызметкерлер мен фармацевтерді даярлау мен қайта дайындау республикалық колледжі» РМҚК директоры Найля Рузденова, Астана әкімдігінің «Медициналық колледж» МҚКҚ директоры Ақбала Саржанова, JAMK қолданбалы ғылымдар университеті басқармасының басшысы Аила Палониеми мен Lahti қолданбалы ғылымдар университеті басқармасының басшысы Кари Салми денсаулық сақтау саласы мен мейіргерлік істі дамыту бойынша өзара түсіністік пен стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Аталған құжат тараптардың келесі бағыттар бойынша ынтымақтастығын қарастырады: медициналық білім беру ұйымдарындағы менеджментті жетілдіру; білім беру бағдарламаларының тиімділігі мен педагог кадрлардың әлеуетін арттыру және ақпараттық, материалдық-техникалық ресурстарды жетілдіру.
Бұрын хабарланғандай, Қазақстанның 10 медициналық колледжі, оның ішінде 2016 жылы 6, 2017 жылы 4 оқу орны жоғарғы медициналық колледж болып қайта құрылады. Аталған оқу орындарында фин сарапшыларының қатысуымен әзірленген «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасы енгізілмек.
«Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат жоғарғы медициналық колледж түлектері ауруларды дәрігерге дейінгі тексеру, алдын ала диагноз қою, бейінді мамандарына консультацияға бағыттау, балалар және ересек тұрғындар патронажы, дәрігердің бақылауымен дәрілік тағайындауларды жазу сынды мейіргерлік қабылдау үшін кәсіби машықтарды игеріп шыгады.
Биыл фин және отандық мамандар «Мейіргерлік іс» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың біріктірілген бағдарламасын әзірледі. Аталған бағдарлама бойынша бұдан бұрын білім алған мейіргерлер бір жарым жылдың ішінде қосымша оқу арқылы өз кәсіби машықтарын дамыта алады.
Біріктірілген бағдарлама бойынша оқыту эксперименталды тәртіпте жоғарыда аталған 6 медициналық колледжде 2016 жылғы қыркүйек айынан басталды. Бағдарлама бойынша 150 адам (әрбір колледжде 25 орыннан) тегін оқытылмақ.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 26 мемлекеттік және 37 жеке медициналық колледж бар. Олар жыл сайын орта есеппен 12 мың орта буын медқызметкер дайындайды. Бүгінде орта медперсонал сала қызметкерлерінің ең көп санатын құрайды, орадың саны шамамен 160 мың маман.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары