- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 900-ден артық ақылы тұрақ орны жасалады
Астанада 900-ден артық ақылы тұрақ орны жасалады
Сынақ жұмыстары барысында Нұржол желегінде 910 тұрақ орны жасалады. Әрбір тұрақ орны арнайы жол белгісімен және тетіктермен жабдықталады. Аумаққа кірген кезде жүргізушілер электронды таблодан бос тұрақ орындары туралы мәліметті көреді. Көліктік бақылау қызметінің өкілдері көлік қою ережесін бұзу жағдайларын автоматтандырылған фото және бейне құралдардың көмегімен тіркейді.
Жүйе сынақтан өткізілгеннен кейін және халықты «Тұрақ кеңістігін басқару» жобасының іске қосылғандығы туралы ресми түрде хабардар етілген соң тұрақ кеңістігін пайдаланғаны үшін ақы алынатын болады.
Жоба бойынша ақы төлеудің бірнеше жолы қарастырылған, ол кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Атап айтқанда, қолма-қол ақшамен және арнайы паркоматтар арқылы есеп айырысу, арнайы мобильдік қосымшаның көмегімен SMS-пен және сайттағы жеке кабинет арқылы төлеу.
Келер жылы сынақ жұмыстары оң нәтиже берген жағдайда Астана қаласының әкімдігі басқарылатын 9 000 жуық тұрақ орнын жасамақ. Басқарылатын тұрақ орындары 25 көшені, елорданың сол жағалауында Тұран – Сарайшық – Орынбор – Сығанақ «квадратын», оң жағалауда - Сарыарқа - Бөгенбай батыр, Республика – Есіл жағалауын қамтиды.
Анықтама: 2015 жылы Price Waterhouse Coopers халықаралық ұйымы Астананың Нұржол желегіндегі көлік айналымын зерттеді. Мониторинг нәтижесінде, жүргізушілердің 80% өз көліктерін жұмыс орындарының жанында орта есеппен 8-9 сағатқа қалдыратыны анықталды. Сондай-ақ, 13-14 сағат бойы машиналар тұрғын үй кешендерінің алдында тұрады және жүргізушілердің 15-20% ғана темір тұлпарларын жабық паркингтерге қоятыны белгілі болды. Яғни, елордалықтардың басым бөлігі күні бойы тұрақта тұрады.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
ДСМ: Елдегі эпидахуал тұрақталып келеді -
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары