Алматыда қаланың 1000 жылдығына арналған шаралар басталды

2 Қыркүйек, 2016 20:29
Алматының 1000 жылдығын мерекелеу аясында қала тұрғындары мен қонақтары түрлі мерекелік шаралар - музыкалық фестивальдерді, көрмелерді, спорттық жарыстарды тамашалайтын болады.

Қала әкімдігінің ақпараты бойынша,  қалада 2, 3, 4 қыркүйек күндері Абай алаңында сағат 19.00 –де жыл сайынғы ашық аспан астындағы «Оркестрлер шеруі» VII фестивалі ашылады. Фестивалдің алғашқы күні Арман Жүдебаевтің басқаруымен және «Сазген сазы» фольклорлық –этнографилық ансамбльдің қатысуымен Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрі өнер көрсетеді.

Екінші күні қала тұрығндары мен қонақтары үшін 80 жылдардың хиттері шырқалады. Композициялар Қанат Ахметовтың басшылығымен үрлемелі оркестердің орындауда жүзеге асады. Соңғы күнгі концертті Мемлекеттік академиялық оркестр қорытындылайды.

3 қыркүйекте сағат 10:00 нан 17:00 аралығында Ғылым академиясы алаңында ( Уәлиханов/Шевченко көш) III « KitapFest » алматылық кітап фестивалі өтеді. Келушілерді түрлі сюрприздер күтеді.

4 - 8 қыркүйек аралығында ЮНЕСКО аясында Халықаралық Балалар Бейбітшілікті суретке салады. Азия» атты фестиваль өтеді, оған Орта Азия мен Азия - Тынық мұхит өңірінен 7 мыңнан астам жас суретші қатысады.  

Барлық жаңалықтар