- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада жыл басынан бері 486 жас маман жастар тәжірибесінен өтті
Астанада жыл басынан бері 486 жас маман жастар тәжірибесінен өтті
Астана әкімдігі хабарлағандай, жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 486 жас маманды жастар тәжірибесіне жіберді. Бүгінде, олардын 335-і алғашқы тәжірибелерін алып, 182-і тұрақты жұмысқа қабылданды.
Жастар практикасы білім беру ұйымдарының түлектеріне оқыған мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға бағытталған. Жастар практикасына қатысушылардың еңбекақысы мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Бүгінде оның мөлшері айына 53 800 теңгені құрайды.
Айта кетейік, жұмыс орындарының саны шектелмеген, бұл уақытша ғана жасалып отыр. Бұл ретте соңғы үш жылда жұмыссыздар ретінде тіркелген түлектердің жасы 29-дан аспауы керек. Жас маманның Астанада тұрақты тіркеуі, жеке куәлігі мен дипломы болуы керек.
Жұмыссыз азаматты жұмысқа қабылдау туралы шешім шығарылған жағдайда жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес онымен жеке еңбек келісімшартын жасайды. Жастар практикасының ұзақтығы – 6 айдан аспайды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы