- Басты
- Жаңалықтар
- «Бәйтерек» холдингі қытай және халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты кеңейтеді
«Бәйтерек» холдингі қытай және халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықты кеңейтеді
Ерболат Досаев Қытайдың ірі мемлекеттік CITIC Group корпорациясының Президенті Ван Цзюнмен кездесті. Тараптар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өзектендендірілген бағдарламасы шеңберінде бірлескен индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендерін растады, деп хабарлады «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.
Ерболат Досаевтың Қытай Мемлекеттік банкінің вице-президенті Дин Сянгчунмен кездесуінде серіктес Қазақстанның Даму Банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) арқылы «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту туралы сөз қозғалды. Сондай-ақ, тараптар адам капиталын дамыту маңыздылығын атап өтіп, бірлескен тренингтер мен семинарларды ұйымдастыру арқылы тәжірибе алмасуды белсендетуді ұсынды.
Ерболат Досаевтың Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) вице-президенті Ди Джей Пандианмен жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар энергетика, көлік инфрақұрылымы мен азық-түлікті өңдеу салаларындағы басым инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін ақпаратпен алмасу және жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді іздестіру жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажеттілігін тілге тиек етті.
«Бәйтерек» холдингінің жаңа құралдарын, оның ішінде корпоративтік кепілдік беруді пайдалана отырып, инвестициялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру уағдаластығына Ерболат Досаевтың Қытайдың «Эксимбанк» вице-президенті Юань Синйонгпен кездесуінде қол жеткізілді. Осыдан бұрын «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары қытайлық банкпен бірлесіп, мұнайды өңдеу және металлургия саласындағы ірі индустриялық жобаларды табысты жүзеге асырған болатын.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы