Астанада «Бір ел, Бір тағдыр, Бір Елбасы» жастар форумы өтті

1 Желтоқсан, 2013 16:21
Бүгін Астанадағы Сарыарқа велотрегінде 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті Күні «Бір ел, Бір тағдыр, Бір Елбасы» атты жастар форумы өтті.

««Бір ел, Бір тағдыр, Бір Елбасы» жастар форумына 9,5 мың студенттер мен оқушылар қатысты», - делінген хабарламада.

Келушілердің назарына 300 адамның қатысуымен кіріспе қойылым ұсынылды.

Көрермендер «Бақыт» қойылымын тамашалады. Мұнымен қоса, мерекелік концертте классикалық және халық музыкасы ойналып, 40 жас скрипкашы және Оқушылар сарайынан 40 домбырашы өз өнерлерін ортаға салды.

Сондай-ақ, мерекелік шарада Мәдина Сәдуақасова, Бейбіт Қорған, «ТРИО Z» тобы өнер көрсетті.

Іс-шара барысында елордалық оқушылар арасындағы «Қазақстан 2050 оқушылар көзімен» байқауының 7 жеңімпазы мен Гран-при иегерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Айта кетейік, конкурсқа Астана қаласының 69 мектебінен 10 мың оқушы қатысқан. 

Барлық жаңалықтар