- Басты
- Жаңалықтар
- Премьер-Министр жергілікті полиция қызметін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Премьер-Министр жергілікті полиция қызметін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Ішкі істер министрі Қ. Қасымов ЖПҚ қызметінің қалыптасу барысы мен оны жетілдіру шараларын баяндады.
Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам ұлт жоспарының 30-шы қадамын орындау мақсатында жыл басында құрылған ЖПҚ ішкі істер органдарына қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа нысанына көшуге мүмкіндік жасады.
Аталған қызметтің жергілікті қоғамдастыққа есеп беру міндеттілігі заңмен бекітілді, ал әкімдер жергілікті полиция қызметіне міндеттер қойып, олардың орындалуын бақылау құқығына ие болып отыр. Жергілікті полиция басшылары үнемі мәслихат пен халық алдында есеп береді, сондай-ақ қызмет жұмысының сапасына баға береді, деп хабарлады ресми сайт.
Жыл басынан бері учаскелік полиция инспекторларының халық алдындағы 14,5 мыңға жуық есептік кездесуі өтті, онда миллионға жуық азамат және 7,6 мыңнан астам жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты. Сонымен қатар, онда ІІО және басқа да мемлекеттік органдардың қызметіне қатысты 11,7 мыңнан астам ескертулер мен ұсыныстар айтылды. Есептердің нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Мұндай тәсіл ЖПҚ жұмысын ұйымдастыруда полицияның жергілікті атқару органдарымен тығыз қатынас орнатуына және аталған қызмет жұмысына екі жақты бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Мұндай жаңғырту шаралары жергілікті атқарушы органдармен (ЖАО) және тұрғындармен серіктестікке негізделген полиция жұмысының тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған.
Сондай-ақ, мәжілісте бірқатар аумақтық ЖПҚ және ішкі істер департаменттері бастықтарының есептері тыңдалды.
Қызметтің І-жартыжылдық қорытындысына талдау жүргізу – полиция жұмысының жеке көрсеткіштерінің жақсарғанын көрсетті. Атап айтқанда, жол-патрульдік полиция жасағы (15,2%-ға) мен учаскелік инспекторлардың (16,8%-ға) қатысуымен ашылған қылмыстардың көрсеткіштері жақсарды, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтаудың саны артты (9,4%-ға). Қабылданған шаралардың кешені жол-көлік оқиғаларын (2%-ға), жолда қаза тапқандар санын (10,4%-ға) және жарақат алғандардың санын (1,5%-ға) азайтуға мүмкіндік берді.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары