• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОҚО-да ҚР Президенті атынан бірінші сынып оқушыларына «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы табысталды (ФОТО)

ОҚО-да ҚР Президенті атынан бірінші сынып оқушыларына «Менің Отаным – Қазақстан» кітабы табысталды (ФОТО)

1 Қыркүйек, 2016 17:52
ОҚО-да бірінші күні әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным - Қазақстан» кітабы салтанатты түрде сыйға тапсырылды, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.

Жалпы, биылғы жаңа оқу жылында облыстағы «Алғашқы қоңырау соғылған» 1022 жалпы орта мектепте 611 мыңнан аса оқушы білім алатын болады. Бұл былтырғыға қарағанда 27 мың балаға артық.

Мектептерде жалпы саны - 66 412 педагог кадрлар қызмет атқарады, оның ішінде 52 мыңы (78%-ы) – санаты бар ұстаздар, қалған 22%-ы жас педагогтар. Сонымен қатар, жаңа оқу жылының бірінші күні әрбір бірінші сынып оқушысына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың атынан «Менің Отаным - Қазақстан»  кітабы салтанатты түрде сыйға тапсырылып, «Мәңгілік ел» патриоттық актісі шеңберінде бірыңғай «Мен өз Отанымның патриотымын» білім беру сабағы өткізілді.

Жаңа оқу жылындағы жаңалықтарға тоқталсақ. Биыл еліміздің 1 сынып оқушылары бес күндік оқу аптасына көшуде. Ал аптаның сенбі күні есебінен 1-сынып оқушылары мен мұғалімдеріне 34 демалыс күні беріледі.

Сондай-ақ, осы жылы білім ошақтарында бірыңғай оқулықты енгізу жұмыстары жүре бастайды. Бұл базалық оқулықтар жаңартылған білім беру мазмұнына көшу кестесіне сәйкес енгізіліп, республиканың барлық оқушыларының білім деңгейін теңестіруге жағдай туғызады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар