• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақтауда американдық сарапшылар қазақстандық кинологтарға шеберлік сыныбын өткізді (ФОТО)

Ақтауда американдық сарапшылар қазақстандық кинологтарға шеберлік сыныбын өткізді (ФОТО)

1 Қыркүйек, 2016 20:26
ҚР-дағы АҚШ елшілігі әскери бөлімімен ынтымақтастығы аясында Мемлекеттік кірістер департаментінің кинологиялық тәлімбағында кинолог мамандарының біліктілігін артыру бойынша шеберлік сыныптар өтеді.

Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлағандай, дәріс сабақтары кезінде курсқа қатысушылар  кинология мен ветеринария  салалары бойынша білім алады.

Теориялық және тәжірибелік әдістерді зерттеді, иттердің іздеу қабілетін арттыру жолдарын игерді. Сондай-ақ, американдық инструкторлар төртаяқты қызметкерлердің есірткіні іздеуін қадағалайды.

Оқыту үрдісі әр түрлі жағдайларда өтеді. Әр түрлі, шұғыл шараларды иттердің жедел жүзеге асыруын қадағалау, үйрету жүргізіледі. 

Барлық жаңалықтар