- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысының мектептерінде жаңа оқу жылында 210 мың оқушы білім алады (ФОТО)
Жамбыл облысының мектептерінде жаңа оқу жылында 210 мың оқушы білім алады (ФОТО)
Мектептің құрылысын мердігер ЖШС «Ник Тараз» 2015 жылы бастады. Оқу орнында 67 оқытушы жұмыс істейді. Ғимарат барлық қажетті материалдық-техникалық базасымен жабдықталған. Жобалық сметалық құны 746 млн. 348 мың теңге құрады.
Сондай-ақ, тағы 4 мектеп жаңа оқу жылында пайдалануға берілді. 1 қыркүйек күні Жуалы ауданындағы Қошқарата ауылында 180 орындық орта мектебі, Т. Рысқұлов ауданындағы Әбжапар ауылында 150 орындық орта мектебі, Байзақ ауданындағы Түймекент ауылында 300 орындық орта мектебі және Талас ауданыдағы Есейхан ауылында 120 орынға арналған орта мектебі ашылды.
Жаңа оқу жылында облыс мектептерінде 210 мың оқушы оқитын болады, оның ішінде 26 379 оқушы бірінші сыныпқа барды.
Ағымдағы жылы 19 білім беру объектілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, оған 6,4 млрд. теңге бөлінді. Соның ішінде 7 білім беру нысандары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынуда.
42 білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмысыны 4 млрд. 477 млн. 694 мың теңге бөлінді.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу үшін 2016 жылы 1-8 сыныптарға бюджеттен 1 млрд. 78 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі күні оқушылар оқулықтармен 100% қамтамасыз етілді.
Мектеп жоқ елді мекендерде тұратын балалар тасымалдаумен толық қамтамасыз етілген.
Қазіргі уақытта "Бақытты балалық шақ аумағы" ұранымен өтіп жатқан дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық "Мектепке жол" акциясы жалғасуда.
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасын табатын акцияның кезінде тұрмысы төмен отбасы балаларын мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамты үшін жергілікті бюджет есебінен және демеушілер арқылы көмек көрсетілуде.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты