- Басты
- Жаңалықтар
- Білім күні Ақмола облысында 4 жаңа мектептің есігі айқара ашылды (ФОТО)
Білім күні Ақмола облысында 4 жаңа мектептің есігі айқара ашылды (ФОТО)
Щучье қаласында жаңадан салынған мектептің ашылуына қатысқан облыс əкімі Сергей Кулагин бұл жақсылыққа 25 жылдығын тойлап жатқан еліміздің тәуелсіздігінің арқасында қол жеткізілгенін айта келе, 1 қыркүйек - білім күні осында жиналған ұстаздар мен оқушыларды және ата-аналарды қуаныштарымен құттықтады.
«Елбасының Н.Назарбаевтың мемлекеттік саясатының арқасында елімізде білім беру саласына зор көңіл бөлінуде. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде облысымызда 41 мектеп пайдалануға берілді. Бір ғана «Балапан» бағдарламасының арқасында облыс аумағында 337 мектепке дейінгі білім беру мекемесі ашылып, 21 мың бүлдіршін орынмен қамтамасыз етілді.
2005-2015жылдар аралығында облыстағы білім беру мекемелерінің 686-на күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта 11,7 миллиард қаржы жұмсалған. Биылғы жылы жалпы құны 1,5 миллиард теңгеге 15 білім ордасы жөндеуден өтті.
Соңғы 10 жыл ішінде жалпы құны 3,5 миллиард теңгеге 905 кабинет қазіргі заманғы оқу құралдарымен жабдықталды. Бүгін тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өту аясында жаңа мектепті пайдалануға беріп отырымыз. Бұл баршамыз үшін үлкен қуаныш», - деп атап өтті облыс әкімі.
Салтанатты шара барысында биыл алғаш рет мектеп табалдырығын атап отырған бірінші сынып оқушылары Рамазан Айсұлтан мен Малика Василеьева жаңа ғимараттың лентасын қиды.
Өз кезегінде ата-аналар атынан сөз сөлеген педагогика саласының ардагері Қайыркен Нұрымжанов ризашылық сезімін білдірді.
Еске сала кетейік, қазіргі кезде, Ақмола облысында 599 мектеп, 579 балабақша, 38 колледж, 4 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Онда 112,5 мың оқушы мен 26,7 мың студент білім алуда. Облыста 36,7 мыңға жуық бала мектепке дейінгі білім алуда. Биылғы оқу жылы облыс бойынша барлығы 14882 бала мектеп табалдырығын аттағалы тұр
Жалпы бүгін облыс бойынша 4 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Атап айтсақ, осы күні Ерейментау, Еңбекшілдер, Целиноград және Бурабай аудандарында жаңа 4 мектеп салтанатты түрде ашылды. Сонымен қатар Целиноград ауданындағы Подвиженка елді мекенінде мемелкеттік жеке серіктестік аясында бастауыш мектепте есігін айқара ашты.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы