- Басты
- Жаңалықтар
- «Ядросыз әлем құру» конференциясының қорытындысы Берлинде талқыланды (ФОТО)
«Ядросыз әлем құру» конференциясының қорытындысы Берлинде талқыланды (ФОТО)
1 Қыркүйек, 2016 16:54
Астанадағы «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясының қорытындысы бойынша Берлинде неміс журналистері мен ядролық қарусыздану саласындағы сарапшыларға арналған брифинг ұйымдастырылды, деп хабарлады СІМ.
Өз баяндамасында Германиядағы Қазақстан елшісі Болат Нүсіпов аталмыш форумның қорытындысы бойынша нақты ақпарат берді, шара Семей полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналған болатын. Шараға 50 елдің делегаты қатысты.
Б.Нүсіпов айтып өткендей, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретінде әлем мен қауіпсіздікті нығайту бойынша өзінің белсенді саясатын ұсынатын болады. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифестіндегі бастамалар жүзеге асырылмақ.
Брифинг барысында конференцияға қатысушылар IPS халықаралық бюро президенті Райнер Браун пен Energy Watch Group қорының президенті – Бундестагтің экс депутаты Ханс-Йозеф Фель Астанадағы шараны бағалауының нәтижесімен бөлісті.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
«Astana Media Week»: Ковидтан кейінгі әлем және салдары -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады