• Басты
  • Жаңалықтар
  • 5 институционалдық реформа аясында экономиканы дамытудың қозғаушы күшін табу керек – Президент

5 институционалдық реформа аясында экономиканы дамытудың қозғаушы күшін табу керек – Президент

1 Қыркүйек, 2016 12:34
5 институционалдық реформа аясында экономиканы дамытудың қозғаушы күшін табу керек, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

«5 институционалдық реформа аясында  «Нұрлы жол» экономикалық саясат бойынша индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында  экономика өсуінің жаңа драйверін анықтау қажет. Барлық мүмкіндіктер  бар, Қзаақстан шикізат өнімінің бағасына деген тәуелділіктен арылуы керек, қазір біз оны бастан кешіріп жатырмыз», - деді Елбасы.

Н.Назарбаев айтып өткендей, мұнай мен газ бағасы құлдырады, табыс 40 пайызға азайды, сондықтан мемлекеттің басымдығы шикізат өндіретін кәсіпорындарға қолдау көрсету болып табылады.

«Мен Польшада жұмыс сапарыммен болдым, олардың экономикасын зерттеп, Үкіметке  осы іспен айналысуды тапсырып, Польшалықтармен келістім, қазір олар жұмыс істеуде.  Мемлекет экспортқа бағытталған, олар жергілікті өзін өзі басқаруда да алға шықты, ШОБ дамыту дамыған, экономиканың 60-70 пайызын солар шығарып отыр. Біз бір топ мамандарды Польшаға жібердік, олардың тәжірибесін қабылдауымыз да мүмкін», - деді Елбасы.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар