Парламентте Сенат пен Мәжіліс жұмысының онлайн көрсетілімі енгізіледі

1 Қыркүйек, 2016 12:31
Парламентте Сенат пен Мәжіліс жұмысының онлайн көрсетілімі енгізіледі, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

«Парламент – халықтық төрағалықтың басты органы, сондықтан Парламент палаталарының қызметі қоғам үшін ашық болуы керек. Заңдарды қабылдау логикасы барша қазқастандыққа түсінікті болуы керек. Бұл іске күзден бастап екі палата жұмысының онлайн көрсетілімі әсер етеді», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев заң шығару үрдісінің кеңейту қажеттігін айтып өтті, заң шығару үрдісіне қоғамдық сарапшылар мен парламенттік емес партиялар және БАҚ пен ҮЕҰ тарту мәселесін қарастыру қажет.

«Заң шығаруға қатысатын  меморганның барлық жетекшілері сондай-ақ, партиялық фракциялар үнемі жоспарланып отырған  заңнамалық бастамалар туралы айтады. Бұл қоғам үшін өте қызықты,халықпен байланыс құрудың ақпараттық әдісі. Егер олар барлығын көретін болса, қажет заңнамалард түсінетін болады. Бұл әдіс қазақстандықтардың құқықтық мәдениетін арттырады», - деді Елбасы.  

 

 

Барлық жаңалықтар